Мақалаларды қарау тәртібі

Қолжазбалар әр тоқсанның алғашқы 2 айында қабылданады.

  1. 1. Негізгі автор (корреспондент) журналдың электронды порталында тіркеліп, материалдарды екі файлда жүктейді.

Мақаланы редакцияға жіберу автордың (авторлардың максималды саны - 3 адам) Баспагердің мақаланы жарияланымның үш тілінің кез келгенінде журналда басып шығару/қайта басып шығару құқығына келісімін білдіреді

РҰҚСАТ ЕТІЛМЕЙДІ: журналдың бір санында бір автор 1-ден артық мақала жариялауына; журналдың қатарынан екі нөмірінде бір автордың мақала жариялауы. Мақала мазмұнына автор(лар) жауапты.

Редакция мақаланың түпкілікті нұсқасын алған күн мақаланың келіп түскен күні болып есептеледі. Редакция мәтінге мақаланың мағынасын бұрмаламайтын редакциялық өзгерістер енгізу құқығын өзіне қалдырады.

  1. 2. Материалдар журнал редакциясына келіп түседі. Журналдың техникалық хатшысы қолжазбаны алады және техникалық талаптарға сәйкестігін тексереді, плагиатқа автоматты тексерудің лицензиялық жүйесі (https://antiplagiat.enu.kz/) арқылы қолжазбаның орындалу дербестігін тексеруді жүзеге асырады, оның нәтижелері бойынша плагиатқа тексеру бойынша толық электрондық есеп жүктеледі. Түпнұсқалық деңгейі 75%-дан төмен болған қолжазба жариялауға жіберілмейді. Қолжазбаны плагиатқа тексеру жөніндегі электрондық есеп авторларға ұсынылмайды. Бұған дейін жарияланған мақалалар, олардың басқа тілдердегі аудармалары (қазақ, орыс, ағылшын және т.б.), сондай-ақ басқа журналдарға (басылымдарға) рецензиялауға ұсынылған мақалалар қарауға қабылданбайды. Журналдың техникалық хатшысы бұл туралы негізгі авторды/корреспондент авторды хабардар етеді. Егер мақала қабылданбаса, редакция бас тарту себептері бойынша пікірталас жүргізбеу құқығын сақтайды.

Техникалық хатшы түпнұсқалық шегінен өткен мақаланы бас редакторға (бағыт бойынша жауапты редакторға (бас редактордың орынбасары) жібереді. Бас редактор (бағыт бойынша жауапты редактор (бас редактордың орынбасары) мақаланы журнал тақырыбына сәйкестігін қарастырады. Сәйкес келмеген жағдайда журнал редакциясы авторға жариялаудан бас тартудың негіздемесі бар электрондық хат жібереді.

    1. Бас редактор (жауапты редактор) бастапқы іріктеуден өткен әрбір мақала бойынша тиісті тақырып бойынша рецензентті, ғалымды немесе маманды айқындайды. Бұл процедура OJS (Open Journal Systems) жүйесі арқылы жүзеге асырылады.
    2. Техникалық хатшы мақаланы журналда жариялау мүмкіндігін анықтау мақсатында рецензентке плагиатқа тексеру бойынша толық есебі бар қолжазбаны (мақаланың анонимді мәтінін) жібереді.

Рецензиялау тәртібі

  1. Журналда қосарлы (жасырын) рецензиялау рәсімі қолданылады: редакция рецензенттердің (2 тәуелсіз рецензент) және авторлардың аты-жөндерін ашпайды. Рецензент мақаланы алған сәттен бастап 10 жұмыс күні ішінде журналдың редакциясына мақалаға дәлелді рецензия береді. Барлық рецензияларда мақаланы жариялау (түзетумен немесе түзетусіз) немесе оны қабылдамау туралы ұсыныс болады. Барлық рецензиялар журналдың редакциясына келіп түседі.
  2. Мақаланы журналда жариялау мүмкіндігі туралы шешімді журналдың редакциялық алқасы рецензенттердің қорытындылары негізінде қабылдайды. Теріс пікір алған және Редакция алқасы қабылдамаған мақалалар қайта қарауға қабылданбайды. Даулы жағдайлар туындаған кезде мақалалар бойынша түпкілікті шешімді журналдың бас редакторы қабылдайды.

Жариялау тәртібі

  1. Жарияланым материалдың дайын болуына қарай жалпы кезек тәртібімен жүзеге асырылады. Редакция кезекті дайындалып жатқан шығарылымдардың айдарларына сәйкес қалыптастыруға құқылы.
  2. Нөмiрдiң мазмұны анықталғаннан кейiн техникалық хатшы мақалалар мәтiндерiнiң түзетiлуiн (ағылшын, қазақ, орыс тiлдерi) және журналдың беттелуін ұйымдастырады.