Авторларға арналған нұсқаулық

Журналдың редакциясы авторлардан ережелермен (журнал туралы жалпы ақпаратты қамтитын журналдың редакциялық саясаты, мақалаларды қарау тәртібі, авторларға арналған нұсқаулық, жарияланым этикасы) танысуды және журналға жіберілетін жұмыстарды дайындау кезінде оларды ұстануды сұрайды. Белгіленген ережелерден ауытқу мақаланы жариялауды кешіктіреді.

  1. Ғылыми мақала – бұрын жарияланбаған және жаңалығы бар авторлық әзірлемелерді, қорытындыларды, ұсыныстарды қамтитын ғылыми зерттеу, эксперименттік немесе талдамалық қызмет барысында алынған авторлық тұжырымдар мен аралық немесе қорытынды нәтижелерді баяндау.

Редакцияға мақаланы жіберу автордың Баспаның құқықтарына келісімін білдіреді – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті – мақаланы журналда жариялау жəне кез келген шет тілінде қайта басып шығару. Журналдың бір нөмірінде бір автордың (бірлескен автордың) 1-ден астам жарияланымына рұқсат етілмейді. Мақала мазмұнына автор(лар) жауапты.

  1. Веб-сайтта ұсынылған техникалық стандарттарға жəне шаблонға сəйкес пішімделген қолжазба Ашық журналдар жүйесі (the Open Journal System, OJS) арқылы редакцияға жіберіледі.

Авторлар қолжазбаның екі нұсқасын ұсынуы керек:

- біріншісі - авторлар туралы мәліметтері (толық аты-жөні, жұмыс орны, авторлар туралы мәліметтер) бар мақаланың толық мәтіні;

- екіншісі – екі рет жасырын рецензиялауды жүргізуге арналған мақаланың  анонимді мәтіні;

- сондай-ақ ұсынылған қолжазбаның дербес сипаты, мақаланы плагиатқа тексеруге келісу, әртүрлі дерекқорлар мен ақпараттық жүйелерге, оның ішінде баспагерге жарияланған және айрықша құқықтар берілген жағдайда толық мәтінді нұсқаларға енгізу туралы ілеспе хат (ілеспе хаттың үлгісі журналдың сайтында тіркелген).

Мақала файлдары нөмірленген болуы, мақала тақырыбының алғашқы 4-5 сөзімен аталуы керек (мысалы: 1. Шекті оқыту әдістемесі туралы — авторлары бар файл; 2. Шекті оқыту әдістемесі туралы – авторсыз файл).

  1. Ұсынылатын мақаланың көлемі жəне əдеби көздердің саны: шолулар (і10000 сөз жəне і100 əдеби көз), шағын шолулар (6000-10000 сөз жəне і50 əдеби көз), зерттеу мақаласы (і3500 сөз жəне і25 əдеби көз).

Мақаланың көлемі 6 – 16 бет (3000-7000 сөз) (аңдатпа, кілт сөздер, әдебиеттер тізімі, референс, орыс, қазақ, ағылшын тілдеріндегі автор туралы мәліметтер кірмейді). Көрсетілген көлемнен асатын жұмыстар журналдың редакциялық алқасының шешімі бойынша ерекше жағдайларда жариялауға қабылданады.

  1. Мақаланың қолжазбасы IMRAD үлгісіне сəйкес құрылымдалған жəне үлгіге сəйкес Аннотация, Түйінді сөздер, Кіріспе, Материалдар мен əдістер, Нəтижелер, Талдау, Қорытынды жəне 1-Қосымшадағы үлгіге сəйкес басқа да құрылымдық бөліктерге бөлінуі керек. Шолу мақалаларында мақаланың құрылымы авторлардың қалауы бойынша (негізгі бөлім мен бөлімшелерге атау беру ұсынылады).

IMRAD-қа сәйкес ғылыми мақаланың құрылымы, үлгіні қараңыз:

  1. Мұқаба беті (ХҒТАР, ORCID, мақаланың атауы, автор(лар)дың толық аты-жөні)
  2. Жарияланым тіліндегі Аңдатпа (Аннотация, Abstract), орыс, қазақ және ағылшын тілдерінде 150-200 сөз.
  3. Жарияланым тіліндегі Түйін сөздер (Ключевые слова, Keywords) 5-7 сөз немесе сөз тіркестері
  4. Кіріспе (Ключевые слова, Introduction) 200 сөзден кем емес
  5. Әдебиетке шолу (Обзор литературы, Literature review) 150 сөзден кем емес
  6. Зерттеу әдістері (Методы исследования, Rеsearch methods) 200 сөзден кем емес
  7. Нәтижелер және талқылаулар (Результаты и Обсуждение, Results and discussion)
  8. Қорытынды (Заключение, Conclusions) 100–300 сөз, дереккөздерге сілтемесіз
  9. Алғыс айту, мүдделер қақтығысы (Благодарность, конфликт интересов, Gratitude, Conflict of interest)
  10. Авторлардың қосқан үлесі (Вклад авторов, Authors'contribution)
  11. Қаржыландыру туралы ақпарат (болған жағдайда), Информация о финансировании (при наличии), Information on funding (if any)
  12. Әдебиеттер тізімі (Список литературы, References)
  13. Мақала Word форматында (бет – А4, кітап форматы, барлық жағынан жиектер – 20 мм. шрифт түрі– Times New Roman, өлшемі – 14 кегль) ұсынылуы тиіс. Қалған дизайн шарттары үлгіде келтірілген (1 Қосымшасы).

Мақала редакцияға Open Journal System (OJS) жүйесі арқылы Word форматында (қаріп - Times New Roman, қаріп өлшемі - 14 пт, жоларалық интервал - бір, ені бойынша тегістеу, жол шегінісі - 12,5 мм, барлық жағынан жиектері - 20 мм) ұсынылады.

  1. Кестелер тікелей жұмыс мəтініне енгізіледі. Олар нөмірленіп, жұмыс мəтінінде оларға сілтеме жасалуы керек. Суреттер мен графиктер стандартты форматтардың бірінде ұсынылуы керек: TIFF, JPEG, PNG. Растрлық кескіндер 600 нүкте/дюймдік рұқсатпен жасалуы керек. Барлық мəліметтер сандарда көрсетілуі керек. Басқа дереккөздерден алынған сандарды пайдаланған кезде бастапқы дереккөзге сілтеме ((18) немесе Бейімделді жəне қайта сызылған (18)) жəне бұрын жарияланған материалды пайдалануға рұқсат (Рұқсат) қажет.
  2. Əдебиеттер тізімі APA (7-басылым) стиліне сəйкес рəсімделуі тиіс (1-қосымша, үлгі). Жарияланбаған жұмыстарға сілтеме жасауға болмайды. Тізімде соңғы 10 жыл ішінде жарияланған дереккөздердің кемінде 50% болуы керек.
  3. Келтірілген дереккөздердің библиографиясын транслитерациялау міндетті болып табылады. Транслитерация http://translit-online.ru/ сілтемесі бойынша онлайн-аудармашының көмегімен жүзеге асырылады. Бұл онлайн аудармашы қазақ əліпбиінің нақты əріптерін транслитерацияламайды. Мұнда қазақша мəтінді транслитерациялаудан кейін авторлар келесі ережелерді басшылыққа ала отырып, түзетулер енгізуі керек:__

 

ə

ғ

ң

ө

ү

ұ

қ

і

a

g

n

o

y

y

k

i

 

Мақаланың дизайн үлгісі шаблонда ұсынылған

Үлгі

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ хабаршысының экономика сериясы  журналы дереккөздерге жасалатын сілтемелер мен библиографиялық тізімді рәсімдеуде American Psychological Association (APA) 7-шы басылым стилін міндетті түрде қолдануды талап етеді (https://apastyle.apa.org/).  Мәтін ішінде келтірілген барлық дереккөздер әдебиеттер тізімінде дәл және толық көрсетілуі тиіс, ал әдебиеттер тізіміндегі әрбір жазба мәтіндегі тиісті ішкісілтемемен сәйкес келуі қажет. Егер жарияланымның DOI нөмірі болса, ол міндетті түрде көрсетіледі.

Ішкісілтемелер «автор – жыл» қағидатына сәйкес рәсімделеді. Егер автордың аты мәтіннің құрамында қолданылмаса, автордың тегі мен жарияланған жылы жақша ішінде беріледі. Мысалы, келіссөздер модельдерін талдауда (Barro, 2018) түріндегі сілтеме қолданылуы мүмкін. Автор тегі сөйлем құрылымына енгізілген жағдайда, жақша ішінде тек жарияланған жылы ғана көрсетіледі, мысалы, Virah-Sawmy and Sturmberg (2025). Бірнеше еңбектерге бір уақытта сілтеме жасағанда дереккөздер алфавиттік ретпен орналастырылып, нүктелі үтір арқылы бөлінеді. Мұндай тәсіл көпжылдық зерттеулерді жинақтап көрсету барысында кеңінен қолданылады: (Khalilov, 2025; Li et al., 2017; Morgan & Felbermayr, 2025; Gorz et al., 2020).

Әдебиеттер тізімі қолжазбаның соңында беріледі және APA 7 стандартының құрылымы мен талаптарына толық сәйкес болуы тиіс. Журнал мақаласына арналған жазба авторлардың аты-жөні, жарияланған жылы, жұмыстың атауы, журналдың толық атауы курсивпен, томы, нөмірі, бет диапазоны және DOI көрсетілу арқылы рәсімделеді.

Мысалы:

Arthur, K. K., Asongu, S. A., Darko, P., Ansah, M. O., Adom, S., & Hlortu, O. (2025). Financial crimes in Africa and economic growth: Implications for achieving sustainable development goals (SDGs). Journal of Economic Surveys, 39(3), 1212–1251. https://doi.org/10.1111/joes.12652.

 

Монографиялар үшін автордың тегі мен инициалдары, жылы, кітаптың толық атауы курсивпен және баспаның атауы көрсетіледі.

Мысалы:
Gorz, A. (2025). Critique of economic reason. Verso books.

 

Ұжымдық монографиядағы тарауды рәсімдеу кезінде тарау авторы, жылы, тарау атауы, кітапты құрастырушылар туралы мәлімет, кітаптың атауы, басылым нұсқасы, бетаралықтары және DOI беріледі.

Мысалы:

Rivera, A. C. (2020). Innovations in marketing strategy in the digital age. In G. T. Walker & D. A. Taylor (Eds.), Marketing in a globalized world (3rd ed., pp. 90–108). CityLine Press. https://doi.org/10.1235/bkch2022.00032.

Электрондық ресурстар жарияланған күні, материалдың атауы, платформа немесе веб-сайт, сондай-ақ қаралған күні көрсетілу арқылы рәсімделеді. Мысалы:

Kassymova, S. T. (2023, October 12). Fiscal sustainability challenges in emerging economies: Trends, risks, and policy responses. Economic Analytics Report. Retrieved January 15, 2024, from https://www.economic-analytics.org/reports/fiscal-sustainability-2023.

 

APA 7 бірыңғай стилін қолдану ғылыми жарияланымдардың ашықтығын арттыруға, дәйексөз берудегі дәлдік пен рәсімдеудегі бірізділікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл халықаралық академиялық этика стандарттарына және Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ хабаршысының экономика сериясы журналының талаптарына толық сәйкес келеді.