Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді цифрландыру: Оңтүстік Кореяның тәжірибесі және оның Қазақстанда қолданылуы


Қаралымдар: 102 / PDF жүктеулері: 757

Авторлар

  • М.Б. Жумашева
  • Р.Т. Дуламбаева

Кілт сөздер:

цифрландыру; мемлекеттік көрсетілетін қызметтер; электрондық үкімет; мобильдік үкімет; мемлекеттік басқару; цифрлық трансформация.

Аңдатпа

Бүгінгі күні цифрландыру мемлекеттік басқару жүйесінде ғана емес, жалпы әлемдік
қоғамдастықтың дамуындағы жаһандық үрдіске айналды. Цифрландыру экономиканың барлық салаларындағы қызметтің тиімділігін арттырудың, сондай-ақ адам өмірінің сапасын жақсартудың құралы
ретінде қабылданады. Цифрландыру қоғамдық дамудың, экономикалық қайта құрудың қозғалтқышына
айналды және оның маңызды рөлі сөзсіз.
Цифрландыру әрбір заманауи экономиканың ажырамас бөлігіне айналды. Мемлекеттік басқарудың
тиімділігін қамтамасыз ету үшін әлем елдері барлық салаларға ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізуге ұмтылуда. Қазақстандағы цифрландыру экономиканың мүмкіндіктерін кеңейтуге
және халықтың өмір деңгейіне қанағаттану деңгейін арттыруға мүмкіндік береді. Сондықтан цифрландыру саласындағы шетелдік тәжірибені зерттеу өзекті мәселе болып табылады.
Бұл мақалада Оңтүстік Кореяның мысалында мемлекеттік басқаруда цифрландыруды енгізудің ең
озық тәжірибесі қарастырылған. Оңтүстік Корея «электрондық үкіметті» дамытудағы Азиядағы сөзсіз
көшбасшы, сонымен қатар әлемдегі үш көшбасшының бірі болып табылады. Халықаралық ұйымдар
Оңтүстік Кореяны ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы қарқынды дамып келе
жатқан елдердің қатарына қосады. Бұл өзінің миллиондаған халқын жоғары жылдамдықты интернетпен, сапалы және жылдам мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ететін мемлекет.
Мақалада мемлекеттік қызметтерді көрсету тұрғысынан мемлекеттік басқаруды цифрландыру саласындағы негізгі бағыттар талданған. Сонымен қоса, цифрландыру саласындағы бағдарламалық құжаттар
қарастырылды. Зерттелген тәжірибеге сүйене отырып, Оңтүстік Кореяның цифрлық тәжірибесін Қазақстанда қолдану мүмкіндігі туралы ұсыныстар әзірленді.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2023-01-24

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Жумашева, М. ., & Дуламбаева, Р. . (2023). Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді цифрландыру: Оңтүстік Кореяның тәжірибесі және оның Қазақстанда қолданылуы. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысының экономикалық сериясы, (3), 92–103. Retrieved from https://bulecon.enu.kz/index.php/main/article/view/266

Журналдың саны

Бөлім

Статьи