Жобаға бағытталған компаниялардағы адам ресурстарын басқаруға цифрландырудың әсері


Қаралымдар: 11 / PDF жүктеулері: 3

Авторлар

  • А. Кураметова Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық зерттеу университеті, Алматы
  • А. Ахметов Astana IT University
  • Д. Искакова Туризм және қонақжайлылық бизнесінің жоғары мектебі

DOI:

https://doi.org/10.32523/2789-4320-2026-1-154-169

Кілт сөздер:

адами ресурстар, адами ресурстарды басқару, цифрландыру, жобаға бағытталған компаниялар, цифрлық технологиялар

Аңдатпа

Мақаланың мақсаты жобаға бағытталған компанияларда цифрлық технологиялардың адам ресурстарын басқаруға әсерін анықтау және тиімді стратегиялық шешімдер әзірлеу болып табылады. Әдістер – диалектикалық және абстрактілі-логикалық әдістер, ғылыми әдебиеттерді контент-талдау, салыстырмалы және құрылымдық талдау, сондай-ақ Алматы және Астана қалаларының құрылыс және IT-компаниялары өкілдеріне сауалнама жүргізу. Нәтижелері – 60 респонденттің сауалнамасы негізінде HR-үдерістерді цифрландыру деңгейіне және персоналды басқаруда цифрлық құралдарды пайдалану ерекшеліктеріне талдау жүргізілді. Цифрландыру негізінен ішінара сипатта болатындығы және ең алдымен персоналды іріктеу мен бейімдеуде, коммуникацияда және жобалау топтарын үйлестіруде көрінетіні анықталды. Цифрлық жетілу деңгейіне және технологиялардың жобаларды басқару жүйесіне интеграциялану дәрежесіне байланысты Құрылыс және IT-компаниялар арасындағы айырмашылықтар анықталды. Цифрландырудың негізгі кедергілері, соның ішінде цифрлық құзыреттіліктің жетіспеушілігі, өзгерістерге қарсылық және шектеулі ресурстар анықталды. Адам ресурстарын басқаруды цифрландырудың тиімділігін арттырудың стратегиялық шешімдері негізделген. Қорытындылар – жобаға бағытталған компаниялардағы HR қызметін цифрландыру қалыптасу сатысында және цифрлық шешімдерді фрагментті енгізумен сипатталады. Адам ресурстарын басқару тиімділігін арттыру цифрлық трансформацияға жүйелі көзқарасты, цифрлық құзыреттерді дамытуды, HR функцияларын жобалық басқарумен біріктіруді және аналитикалық құралдарды пайдалануды кеңейтуді талап етеді.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2026-03-31

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Кураметова, А., Ахметов, А., & Искакова, Д. (2026). Жобаға бағытталған компаниялардағы адам ресурстарын басқаруға цифрландырудың әсері. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ хабаршысының экономика сериясы, (1), 154–169. https://doi.org/10.32523/2789-4320-2026-1-154-169

Журналдың саны

Бөлім

Статьи