Қазақстан Республикасының көлік инфрақұрылымында мемлекеттік-жеке әріптестіктің дамуы
Қаралымдар: 58 / PDF жүктеулері: 81
Кілт сөздер:
МЖӘ, жеке бизнес, мемлекет, әріптестік, салалар, жобалық құрылым, транспорттық инфрақұрылым.Аңдатпа
Мақалада Қазақстан Республикасында мемлекеттік-жеке меншік әріптестіктің дамуы
қарастырылған, МЖӘ жобаларының салалық құрылымына талдау жүргізілген.
Жүргізілген талдау нәтижесінде инвестициялар көлемі бойынша ең ауқымдысы көлік инфрақұрылы-
мы саласындағы жобалар болып табылатыны анықталды. Қазақстан Республикасында іске асырылған
МЖӘ – нің алғашқы жобалары көлік инфрақұрылымы жобалары болды.
Көлік инфрақұрылымындағы МЖӘ өзекті мәселе болып табылады, өйткені МЖӘ шеңберінде ғана
жеке әріптес құрылыс (реконструкциялау) аяқталғаннан кейін пайдалану бойынша міндеттемелерді
өзіне қабылдайды. Осылайша, жеке әріптестің сапалы құрылысқа деген қызығушылығы мемлекеттік
тапсырысқа қарағанда әлдеқайда жоғары болады.