Жаһандану дәуіріндегі қаржы нарығының цифрлық трансформациясының алғы шарттары
Қаралымдар: 29 / PDF жүктеулері: 15
DOI:
https://doi.org/10.32523/2789-4320-2024-4-162-177Кілт сөздер:
цифрландыру, цифрлық трансформация, цифрлық жаһандану, цифрлық сауаттылық, инновациялар, төлемдерді цифрландыру, ақпараттық технологияларАңдатпа
Қазіргі қаржы нарықтарында ақпараттық технологияларды дамыту саласындағы әзірлемелерді жүргізетін халықаралық қаржы институттары мен шетелдік компаниялардың зерттеу тәжірибесі негізінде
"цифрландыру" және "цифрлық трансформация" терминдері нақтыланады.
Қазіргі жаһандану жағдайында қаржы жүйелерінің тиімділігі мен тұрақтылығын арттыру мақсатында жаңа технологиялар, соның ішінде блокчейн, жасанды интеллект және криптовалюталар кеңінен қолданылуда. Мақалада осы технологиялардың қаржы нарықтарына әсері, цифрлық активтер мен құралдардың дамуы, сондай-ақ олардың қаржы қызметтерін қайта құрылымдау процесіндегі рөлі қарастырылады. Сонымен қатар, қаржы нарығының цифрлық трансформациясы үшін қажетті алғышарттар мен инфрақұрылымдық өзгерістер, оның ішінде құқықтық және институционалдық факторлар талданады. Қаржы нарығын цифрландыруды қазіргі қоғам дамуының эволюциялық кезеңі ретінде талдау кезінде оның қалыптасуының негізгі кезеңдерін ескеру қажет. Бұл процестің негізі FinTech индустриясының жетістіктерін қаржылық қатынастарға белсенді
түрде енгізу екенін атап өткен жөн. Бүгінгі таңда реттеуді үйлестіру, әлеуетті қатысушылардың тізімін кеңейту және тұтынушылардың құқықтарын қорғауды күшейту талаптары мен қаржы нарығын дамытудың жаңа кезеңі қалыптасуда. Қаржы нарығының цифрлық трансформациясы халықтың және бизнестің цифрлық сауаттылығын арттыруға айтарлықтай әсер етеді.
Downloads
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2024 Г. Касенова, Г. Супугалиева, А. Асилова

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-Коммерциялық емес 4.0 халықаралық лицензиясы.