Мемлекеттік даму стратегиясы контексінде Қызылорда облысының ауылдық аумақтарын тұрақты дамыту
Қаралымдар: 38 / PDF жүктеулері: 39
DOI:
https://doi.org/10.32523/2789-4320-2024-4-41-57Кілт сөздер:
тұрақты даму, еңбек ресурстары, өмір сапасы, халықтың әл-ауқаты, еңбек өнімділігі, даму тұжырымдамасы, ауыл халқыАңдатпа
Мақалада Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамыту тұжырымдамасы тұрғысынан Қызылорда облысының ауылдық аумақтарының тұрақтылығы талданады және қаралады. Авторлық ұжым бірінші кезекте Қызылорда облысының ауыл халқының әлауқатының неғұрлым жоғары өсуін қамтамасыз етуге бағытталған ауылдық аумақтардың тұрақты дамуының анықтамасы мен сипаттамасын береді. Бүгінгі таңда ауылдық жерлерде өмір сүру сапасы қалалық аумақтардың өмір сүру сапасынан едәуір артта қалғанын мойындау керек.
Осы мәселені шешу үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі ауылдық аумақтарды тұрақты дамыту шеңберінде ауылдық аумақтарды дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы, ауыл халқының табысын арттыру жөніндегі «Ауыл аманаты» бағдарламасы сияқты стратегиялық маңызы бар бағдарламаларды әзірлеп, қабылдады, кадрлық әлеуетті арттыру үшін «Дипломмен – ауылға» бағдарламасы қабылданды, ауыл тұрғындары үшін жеке тұрғын үймен қамтамасыз ету «Асыл мекен» ипотекалық бағдарламасы және басқа да көптеген
бағдарламалар қабылданып, табысты жүзеге асырылуда. Жоғарыда көрсетілген бағдарламалар
негізінен Қазақстан Республикасы Ауыл халқының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсартуға
бағытталған.
Авторлық ұжым Қызылорда облысының ауылдық аумақтарының тұрақты дамуына баға
береді, онда өңірдің неғұрлым өзекті мәселелері және оларды шешудің жолдары анықталды.
Downloads
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2024 С. Касымова, М. Мақыш, А. Муханова

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-Коммерциялық емес 4.0 халықаралық лицензиясы.