Мемлекеттің инновациялық дамуындағы әлеуметтік кәсіпкерліктің рөлі: кластерлік тәсіл
Қаралымдар: 44 / PDF жүктеулері: 18
DOI:
https://doi.org/10.32523/2789-4320-2024-4-23-40Кілт сөздер:
әлеуметтік кәсіпкерлік, инновациялық даму, кластерлік тәсіл, инновациялық экожүйе, мемлекеттік саясат, мемлекет пен бизнестің серіктестігі, инновациялық кластерлерАңдатпа
Мақалада мемлекеттің инновациялық дамуындағы әлеуметтік кәсіпкерліктің маңызы мен рөлі қарастырылады. Авторлармен әлеуметтік кәсіпкерлік қоғамның әлеуметтік мәселелерін шешуге бағытталған тиімді бизнес үлгісі ретінде сипатталып, оның инновациялық экожүйені дамытудағы ықпалы талданылды.
Ғылыми жұмыстың негізгі мақсаты кластерлік тәсілді қолдану арқылы әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытудың әдістері мен механизмдерінің дамуын анықтау. Бұл тәсіл әлеуметтік кәсіпорындар, мемлекеттік органдар, ғылыми-зерттеу институттары мен жеке сектор арасындағы серіктестікті күшейтуге бағытталған. Мақалада әлеуметтік кәсіпкерлікке негізделген кластерлердің аймақтық және ұлттық деңгейдегі инновациялық әлеуетті арттырудағы рөлі көрсетілген.
Авторлар теориялық, салыстырмалы және жүйелік талдау әдістерін қолдана отырып әлеуметтік кәсіпкерлікке бағытталған кластерлік тәсілдің халықаралық және отандық тәжірибелерін салыстыру арқылы олардың тиімділігін анықтауға міндет.
Әлеуметтік кәсіпкерлікті қолдауға арналған мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын, оның ішінде кластерлік тәсілдің әлеуетін іске асыру үшін қажетті құралдарды сипаттайды. Зерттеу нәтижелері инновациялық даму стратегиялары мен әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуде әлеуметтік кәсіпкерлікті интеграциялаудың тиімді жолдарын ұсынады.
Downloads
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2024 Б. Тусупбаева, Б. Искаков, M. Тузубекова

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-Коммерциялық емес 4.0 халықаралық лицензиясы.