«Цифрлық экономика» ұғымының экономикалық мазмұны мен аграрлық саланың цифрлық дамуы


Қаралымдар: 71 / PDF жүктеулері: 475

Авторлар

  • Д.О. Калдыбаева
  • Е.К. Молдакенова
  • А.Т. Карипова

Кілт сөздер:

цифрландыру, технология, аграрлық сектор, ауылшаруашылық эконо- микасы, бизнес, инновация, инфрақұрылым.

Аңдатпа

Цифрлық экономика - бұл адами капиталдың, инновациялық даму ин-
ституттарының және цифрлық экожүйенің даму деңгейін арттыру есебінен ұзақ
мерзімді тұрақты дамуды қамтамасыз ететін цифрлық индустрияның, мемлекет-
тік құрылымдардың және цифрлық инфрақұрылымның экономикасы. Автор экономи-
каны, әсіресе Қазақстанның аграрлық секторын цифрландыруды дамытудың үрдістері
мен бағыттарын зерттейді. «Цифрлық экономика» сияқты салыстырмалы түрде
жаңа экономикалық анықтаманың егжей-тегжейлі түсіндірмесін кесте түрінде береді.
Авторлар пікірлерінің көпшілігін жүйелеп, «Цифрлық экономика» экономикалық сана-
тын түсіндіруді - зерттеуші осы қысқаша тұжырымды анықтама арқылы бизнесті
жүргізу әдісі; (электрондық) коммерция әдісі; жаңа технологияларды қолдануға негіз-
делген жаңа инфрақұрылым объектісі; ақпарат пен білімге негізделген экономика түрі
ретінде өзіндік ой қалыптастырады.
Жүргізілген зерттеу нәтижесінде, авторлар елдің ауыл шаруашылығын цифрлан-
дыру процесінің дамуы әлі де төмен жағдайда болғанын атап көрсетті. Сонымен қа-
тар, осы саладағы белгілі бір әдіснамалық, ұйымдастырушылық, институционалдық,
қаржылық, кадрлық проблемалардың бар екендігін, атап айтқанда, ауыл шаруашылығы-
ның цифрлық экономика стандарттары мен құралдарына дайын еместігін, ауыл ша-
руашылығында қайта құрулар жүргізудің тиімді механизмдері мен құралдарының
жоқтығын (билік құрылымдарының дайын еместігі), тиісті даярлықтағы кадрлардың
жетіспеушілігін, салада ауқымды қайта түрлендіру жүргізу және оларды тарту мен
жинақтаудың ұтымды механизмдері үшін қаржы қаражатының қажетті мөлшерінің
болмауы, тұтастай алғанда агрокомпаниялардың инертті қатынасы және тағы басқа
мәселелерді куәландыратын нақты тұжырымдарға келеді.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2023-01-18

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Калдыбаева, Д. ., Молдакенова, Е. ., & Карипова, А. (2023). «Цифрлық экономика» ұғымының экономикалық мазмұны мен аграрлық саланың цифрлық дамуы. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысының экономикалық сериясы, (1), 40–50. Retrieved from https://bulecon.enu.kz/index.php/main/article/view/111

Журналдың саны

Бөлім

Статьи