Әйелдер кәсіпкерлігін мемлекеттік қолдау – тұрақты экономикалық даму факторы


Қаралымдар: 0 / PDF жүктеулері: 0

Авторлар

  • Г. Андабаева әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті https://orcid.org/0000-0002-7458-8711
  • T. Какижанова Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті
  • А. Абинова Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті

DOI:

https://doi.org/10.32523/2789-4320-2025-4-30-48

Кілт сөздер:

әйелдер кәсіпкерлігі,, мемлекеттік қолдау,, экономикалық даму,, іскерлік,, бизнес.

Аңдатпа

Мақаланың мақсаты – әйелдер кәсіпкерлігіне мемлекеттік қолдау көрсетудің елдің экономикалық тұрақтылығы мен дамуына ықпалын қарастыру. Әйелдер кәсіпкерлігі жаһандық экономикада маңызды орын алады, себебі сол арқылы жаңа жұмыс орындарын ұйымдастыру және инновациялық шешімдер енгізу арқылы қоғамның әртүрлі салаларында өзгерістер енгізеді.

Мақалада қолданылған әдістер – салыстырмалы талдау әдістерін пайдалана отырып, экономикаға әсер ететін негізгі факторлар мен олардың арасындағы байланысты анықтау үшін корреляциялық талдау және осы факторлардың Жан басына шаққандағы ЖІӨ-ге әсерін анықтау үшін эконометрикалық модельдер бағаланды. Нәтижелері – зерттеу барысында 2020 – 2024 жылдар аралығындағы Қазақстандағы мемлекеттік бағдарламалардың әйелдерге қаржылық, құқықтық және білім беру мен біліктілікті арттыру тұрғысынан көрсететін қолдау механизмдері, сонымен қатар олардың экономикалық тұрақтылықты арттырудағы рөлі талданады. Сондай-ақ, әйелдер кәсіпкерлігін қолдаудың әлеуметтік және гендерлік теңсіздікті төмендетудегі әсері де назарға алынады. Мемлекеттік қолдаудың тиімділігі әйелдердің кәсіпкерлік әлеуетін толық іске асыруға мүмкіндік беріп, елдің экономикалық дамуының тұрақты және ұзақ мерзімді факторына айналады деген тұжырым жасалды. Статистикалық деректерді жинау мен талдау және әйелдер кәсіпкерлігіне мониторинг жүргізудің арқасында нарықтық бағыттардағы да, мемлекеттің саясатындағы да жүйелі өзгерістер туралы қорытындылар жасалды. Қорытындылар – модель барлық нарық субъектілерінің дамуын және қамтуын ынталандыратын Қазақстан Республикасының әйелдер кәсіпкерлігін қолдау экономиканың дамуына әкелетінін растады. Алынған нәтижелер зерттеушілерге, инвестициялық жобаларды ұйымдастырушыларға және мемлекеттік органдардың өкілдеріне пайдасы бар.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-12-30

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Андабаева , Г., Какижанова T., & Абинова, А. (2025). Әйелдер кәсіпкерлігін мемлекеттік қолдау – тұрақты экономикалық даму факторы. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ хабаршысының экономика сериясы, (4), 30–48. https://doi.org/10.32523/2789-4320-2025-4-30-48

Журналдың саны

Бөлім

Статьи