Салық салудағы цифрландыруды дамыту перспективалары
Қаралымдар: 29 / PDF жүктеулері: 10
DOI:
https://doi.org/10.32523/2789-4320-2025-3-227-241Кілт сөздер:
cалықтар мен басқа да міндетті төлемдер, цифрлық технологиялар, электрондық сервистер, электрондық шот – фактура, ақпараттық жүйе жобалары, көлеңкелі экономикаАңдатпа
Бұл мақалада Қазақстан Республикасында салық салуды цифрландырудың қазіргі жағдайы мен даму перспективалары жан-жақты қарастырылған. Зерттеу мақсаты – салықтық әкімшілендіру жүйесінде жасанды интеллект, блокчейн, үлкен деректерді өңдеу және электрондық сервистер сияқты заманауи цифрлық технологияларды енгізудің тиімділігін бағалау, олардың салық түсімдерінің тұрақтылығына, көлеңкелі экономиканы қысқартуға және салық төлеушілер үшін ыңғайлы жағдай қалыптастыруға ықпалын талдау. Әдістемелік негіз ретінде салыстырмалы талдау, жүйелік талдау, синтездеу, динамикалық талдау және халықаралық тәжірибемен салыстыру әдістері қолданылды. Сонымен бірге, 2024 жылғы ақпараттық жүйе жобаларының нәтижелері мен сандық индикаторлары зерттеліп, олардың салық жүйесіне ықпалы көрсетілді. Зерттеу нәтижелері салық төлеу процесіндегі электрондық сервистердің артықшылықтарын айқындады: олар төлемдерді жеделдетеді, әкімшілік шығындарды азайтады, шағын және орта бизнес субъектілеріне қолжетімділікті арттырады. Қиындықтар ретінде құқықтық-нормативтік база жетіспеушілігі, цифрлық инфрақұрылымның толық дамымауы, кадр тапшылығы және аймақтар арасындағы теңсіздік анықталды.
Қорытындылай келе, Қазақстандағы салық жүйесін цифрландыру тек ішкі тиімділікті арттырып қана қоймай, елдің халықаралық бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, көлеңкелі экономиканы қысқартуға және тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуға үлес қосатын стратегиялық құрал болып табылады. Мақалада сондай-ақ салықтық цифрландыруды жетілдіру бойынша әдістемелік ұсыныстар берілген.
Downloads
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2025 Н. Хамитхан, Р. Бекбулатова, Ш. Ниязбекова

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-Коммерциялық емес 4.0 халықаралық лицензиясы.