Астанадағы урбанизациялық процестер: даму тенденциялары мен әлеуметтік-экономикалық әсері


Қаралымдар: 11 / PDF жүктеулері: 4

Авторлар

  • А. Алибекова Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті
  • A. Ракаева Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті https://orcid.org/0000-0001-7926-0443
  • C. Спатаева Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті

DOI:

https://doi.org/10.32523/2789-4320-2026-1-24-35

Кілт сөздер:

урбанизация, халықтың өсуі, экономикалық тиімділік, әлеуметтік-экономикалық аспектілер, елдің кеңістіктік дамуы, экологиялық сын-қатерлер

Аңдатпа

Мақаланың мақсаты – соңғы онжылдықтарда қала халқының күрт өсуімен, жаңа шағын аудандардың құрылысымен және инфрақұрылымның дамуымен сипатталатын урбанизацияның қарқынды кезеңін бастан кешіп жатқан Астана қаласындағы урбанизация динамикасы мен салдарын кешенді талдау, негізгі үрдістер мен проблемаларды анықтау, сондай-ақ қала дамуын тиімді басқару бойынша ұсынымдар әзірлеу.

Әдістер – сандық әдістер, сондай-ақ ғылыми әдебиеттер мен сараптамалық бағалауды талдауға негізделген сапалық әдістер қолданылды.

Нәтижелері – Астана қаласындағы көші-қон процестері, қаланың халық саны, қаладағы урбанизация даму тенденциялары мен әлеуметтік-экономикалық әсеріне талдау жүргізілді. Халықтың өсу қарқыны, қаланың кеңістіктік дамуы және урбанизацияның экологиялық салдарын бағаланды.

Қорытындылар – авторлар тұрақты қалалық дамуды қамтамасыз ету үшін стратегиялық жоспарлау, ресурстарды тиімді бөлу және жергілікті қоғамдастықтың белсенді қатысуы шешуші рөл атқаратынын атап өтеді. Әлеуметтік-экономикалық теңгерімді сақтау, инновациялық шешімдерді енгізу, урбанизацияның жағымды әсерін күшейтіп, ықтимал тәуекелдерін азайтуға мүмкіндік береді.

Урбанизация – бұл әртүрлі мәселелерді шешуді талап ететін әлемдік тренд ел экономикасының даму дәрежесін, дәстүрлері мен мәдениеті, оның тұрғындарының қабылдауы және басқа да ерекшеліктер. Қазіргі уақытта қалаларды дамытудың өзектілігі артып келеді. Ірі қалалар экономиканы және әлем елдерінің басқа салаларын дамытудың негізі болып табылады. Қалалардың жылдам өсуі қалалық ортаның өзгеруіне әкеліп соғады, бұл жаңа мүмкіндіктер мен күрделі қиындықтарды тудырады.

Downloads

Download data is not yet available.

Автор өмірбаяны

A. Ракаева, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті

Доктор экономических

наук, профессор

Заведующий кафедрой «Государственный аудит»

Евразийский национальный университет им. Л.Н.Гумилева

Астана, Қазахстан

 

Жүктеулер

Жарияланды

2026-03-31

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Алибекова, А., Ракаева A., & Спатаева C. (2026). Астанадағы урбанизациялық процестер: даму тенденциялары мен әлеуметтік-экономикалық әсері. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ хабаршысының экономика сериясы, (1), 24–35. https://doi.org/10.32523/2789-4320-2026-1-24-35

Журналдың саны

Бөлім

Статьи