Қаржы даму институттарының Қазақстандағы агроөнеркәсіптік секторды қаржыландыруға әсері
Қаралымдар: 21 / PDF жүктеулері: 10
DOI:
https://doi.org/10.32523/2789-4320-2025-3-272-287Кілт сөздер:
аграөнеркәсіптік сектор, қаржыландыру, қаржы даму институттары, инвестициялық жобалар, экономикалық әсерАңдатпа
Аңдатпа. Мақалада Қазақстан Республикасы Үкіметінің Агроөнеркәсіптік кешенді қаржыландырудың негізгі бағыттары қарастырылады, сондай-ақ осы саладағы қаржы даму институттары қызметінің ықпал ету дәрежесі туралы мәселе көтеріледі. Қазіргі уақытта бүкіл әлемдегі саясаттағы, экономикадағы және климаттағы өзгерістердің өтпелі кезеңі болып жатқаны мәлім. Бұл дүниежүзілік ауылшаруашылық өнімдері мен азық-түлік нарықтарындағы тұрақсыздыққа алып келеді. Нәтижесінде, еліміздегі шағын агробизнес секторында мемлекетті қолдау экономиканы дамытудың ажырамас және маңызды бөлігі болып табылады. Елдің азық-түлік қауіпсіздігі – ауыл шаруашылығын дамытуда. Мақаланың мақсаты – Қазақстанның аграрлық секторын қаржы даму институттары арқылы қаржыландырудың қазіргі жай-күйі мен ерекшеліктерін талдау, қаржы ресурстарының қолжетімділік әсерін анықтау, сондай-ақ ағымдағы экономикалық шындықтар мен мемлекеттік қолдау бағдарламаларын ескере отырып, қаржыландыру тетіктерін жетілдіру жөнінде ұсынымдар әзірлеу. Мақалада инвестициялық жобаларды қаржыландыру арқылы агроөнеркәсіптік секторда қолдау көрсетудегі қаржы даму институттарының қызметіне талдау келтірілген. Аграрлық саланы дамыту, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілігі мен тұрақтылығын арттыру – экономиканың осы секторын дамытудағы маңызды экономикалық көрсеткіштер. Мақаланың өзектілігі қаржы даму институттарының қызметін жүзеге асыру призмасы арқылы елдің аграрлық секторының даму көрінісін бейнелеуінде жатыр.
Downloads
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2025 М. Аубакирова, С. Макыш, S. Kozak

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-Коммерциялық емес 4.0 халықаралық лицензиясы.