Орта тапты айқындаудың әлеуметтік-экономикалық қырлары: критерийлер мен сын-қатерлер
Қаралымдар: 299 / PDF жүктеулері: 196
DOI:
https://doi.org/10.32523/2789-4320-2025-2-101-122Кілт сөздер:
Қазақстан, орта тап, табыс, стратификация, экономикалық саясат, мемлекеттік басқару, қаржылық тұрақтылықАңдатпа
Бұл мақалада Қазақстандағы орта таптың қалыптасу ерекшеліктері, оны анықтау критерийлері және оның әлеуметтік-экономикалық маңызы жан-жақты талданады. Зерттеуде антикалық дәуірден бастап қазіргі кезеңге дейінгі экономикалық және социологиялық теориялар негізінде орта тап ұғымының тарихи эволюциясы қарастырылады. Авторлар орта тапты тек табыс деңгейі арқылы емес, кәсіби мәртебе, тұрғын үй иелігі, жинақ, білім және мәдени капитал сияқты факторлардың жиынтығы негізінде анықтау қажет екенін алға тартады. Мақалада Қазақстандағы қазіргі жағдай сипатталып, медианалық жалақы, күнкөріс минимумы, тұрғын үй сапасы, жинақ деңгейі және білім көрсеткіштері бойынша статистикалық мәліметтер келтіріледі. Орта тап халықтың небары 10–15%-ын құрайтыны және оның тұрақсыз екендігі атап өтіліп, экономикалық саясатты қайта қарау қажеттілігі көрсетіледі. Халықаралық тәжірибеге сүйене отырып, авторлар Қазақстанда орта тапты нығайту үшін еңбек нарығының тұрақтылығын қамтамасыз ету, қаржылық сауаттылықты арттыру, тұрғын үйге қолжетімділікті кеңейту және шағын және орта бизнесті (ШОБ) қолдау бойынша жүйелі реформалар жүргізудің маңыздылығын баса көрсетеді. Мақалада орта таптың тұрақты әлеуметтік-экономикалық даму мен ұлттық тұрақтылықтың кепілі екені ерекше атап өтіледі.
Downloads
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2025 А. Аппазов, А. Адамбекова , Ж. Симанавичене

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-Коммерциялық емес 4.0 халықаралық лицензиясы.





