Қазақстандық ауыл шаруалығының несілеу механизмі багалау


Қаралымдар: 191 / PDF жүктеулері: 74

Авторлар

  • Р. Исмаилова Астана IT университеті,
  • Г. Матайбаева С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті
  • З. Баймағамбетова С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті

DOI:

https://doi.org/10.32523/2789-4320-2026-1-200-213

Кілт сөздер:

ауыл шаруашылығы, несие, қолжетімділік, қаржыландыру, мемлекеттік қолдау

Аңдатпа

Ұсынылған ғылыми мақаланың мақсаты Қазақстан Республикасындағы агроөнеркәсіп кешенін несиелеу механизмін талдау негізінде баға беру. Таңдалған тақырыптың өзектілігі еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігін арттыру және өңірлерді тұрақты дамыту қажеттілігімен айқындалады, ал агроөнеркәсіптік кешен еліміздің экономикалық дамуының басым бағыттарының бірі болып табылады. Ауыл шаруашылығы субъектілерін несиелеудің тиімді механизмін ұйымдастырмайынша, бұл мақсаттарға қол жеткізу мүмкін емес. Әдістері – сандық және сапалық бағалау әдістері, салыстырмалы талдау әдісі және нормативтік құжаттарды талдау қолданылды. Нәтижелері – қазіргі кезеңдегі агроөнеркәсіп кешенін несиелеу механизмі қарастырылады. «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ қызметіне ерекше көңіл бөлінеді. Корпорацияның несиелік өнімдері және оның ауыл шаруашылығы субъектілерін несиелеуге қатысты басқа қаржы институттарымен өзара әрекеттесу механизмі қарастырылған. Қорытындылар – Қазақстанда ауыл шаруашылығын несиелеу дамығанымен, қазіргі жүйе агроөнеркәсіп кешенінің тиімділігін айтарлықтай арттыруды қамтамасыз етпей отыр. Барлық қиындықтарды еңсеру үшін несиелік құралдарды жаңғырту, қаржыландырудың жаңа көздерін тарта отырып, несиелік серіктестіктер желісін кеңейту және нығайту қажет. Ауыл шаруашылығы өндірісінің ерекшеліктерін ескеретін қаржы өнімдерін дамытуға, сондай-ақ несиелік тәуекелдерді төмендетуге мүмкіндік беретін өзін-өзі қаржыландыру үлгілерін енгізуге ерекше назар аудару қажет. Цифрлық шешімдерді енгізу ауыл кәсіпкерлері үшін қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттырады.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2026-03-31

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Исмаилова, Р., Матайбаева, Г., & Баймағамбетова, З. (2026). Қазақстандық ауыл шаруалығының несілеу механизмі багалау. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ хабаршысының экономика сериясы, (1), 200–213. https://doi.org/10.32523/2789-4320-2026-1-200-213

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Most read articles by the same author(s)