Қазақстандағы екінші деңгейлі банктердің транзакциялық белсенділігінің елдің макроэкономикалық көрсеткіштеріне және ЖІӨ-ге ықпалы
Қаралымдар: 40 / PDF жүктеулері: 20
DOI:
https://doi.org/10.32523/2789-4320-2025-3-306-329Кілт сөздер:
транзакциялық белсенділік, екінші деңгейлі банктер, ЖІӨ, макроэкономикалық көрсеткіштер, қаржылық қолжетімділік, цифрлық трансформация, банктік операциялар, экономикалық тұрақтылықАңдатпа
Жедел өзгеріп жатқан макроэкономикалық үрдістер мен тұрақты экономикалық күйзелістер жағдайында ұлттық экономиканың тұрақтылығына әсер ететін факторларды жан-жақты талдау өзекті мәселе болып табылады. Бұл зерттеуде Қазақстандағы екінші деңгейлі банктердің транзакциялық белсенділігі ЖІӨ, кедейлік пен жұмыссыздық деңгейі сияқты макроэкономикалық көрсеткіштерге әсер ететін негізгі фактор ретінде қарастырылады. Мақсат – банк операциялары мен әлеуметтік-экономикалық даму арасындағы байланысты цифрлық трансформация жағдайында талдау. Ғылыми маңыздылығы – экономикалық тұрақтылықты зерттеуді тереңдету, ал практикалық мәні – банк саласын жаңғыртуға бағытталған ұсынымдар әзірлеу. Зерттеу әдістемесі ретінде 2013–2023 жылдар аралығындағы ресми деректерге корреляциялық және регрессиялық талдау қолданылды. Нәтижесінде транзакциялық белсенділік пен ЖІӨ өсуі арасында оң күшті байланыс (r = 0.92) анықталды. Сонымен қатар, цифрлық қаржылық қызметтер қаржыға қолжетімділікті арттырып, кедейлікті азайтуға және өмір сүру сапасын жақсартуға ықпал ететіні дәлелденді. Бұл жұмыс банк секторы дамуының келешек эмпирикалық зерттеулеріне негіз бола алады.
Downloads
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2025 Ш. Абжалелова, Г. Муханова, Ж. Есжанова

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-Коммерциялық емес 4.0 халықаралық лицензиясы.