Тұрақты даму контекстінде Қазақстанның ауылдық аумақтарын сумен қамтамасыз етудің мемлекеттік бағдарламаларының үйлесімділігін бағалау


Қаралымдар: 12 / PDF жүктеулері: 7

Авторлар

  • A. Машаева Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті
  • A. Жупышева Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті
  • А. Петров Ресей Федерациясының Үкіметі жанындағы Қаржы университеті

DOI:

https://doi.org/10.32523/2789-4320-2025-4-311-334

Кілт сөздер:

сумен қамтамасыз ету, ауылдық аумақтар, тұрақты даму, мемлекеттік жоспарлау, келісімділік, мемлекеттік бағдарламалар, Қазақстан

Аңдатпа

Ұсынылған ғылыми мақаланың мақсаты – Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарды сумен қамтамасыз ету саласындағы ұлттық стратегиялары мен бағдарламалық құжаттарының Орнықты даму мақсаттарының (ОДМ) басымдықтарымен үйлесімділік (когеренттілік) деңгейін бағалау, қолданыстағы алшақтықтарды анықтау және саясаттың тиімділігін арттыру бойынша шаралар ұсыну. Әдістері – аралас әдістер қолданылды, оның ішінде 20-дан астам стратегиялық құжаттарға (2002–2025 жж.) контент-талдау, мақсаттар мен индикаторларға салыстырмалы талдау, сондай-ақ Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту тұжырымдамасына (2023–2029 жж.) SWOT-талдау жүргізілді. Өңірлік сәйкессіздіктерді негізгі ұлттық индикаторлар (КҰИ 13 және КҰИ 36) бойынша сандық бағалау және көрнекілеу үшін R бағдарламалау тілі қолданылды. Нәтижелері – талдау цифрландыру және суды тұрақты пайдалану сияқты тақырыптық бағыттарда мазмұнды үйлесімділікті көрсетті, бірақ сонымен қатар, бағдарламалық құжаттар арасында бірыңғай индикаторлар жиынтығының жоқтығы, мақсаттардың қайталануы және институционалдық бытыраңқылық сияқты айтарлықтай үйлесімсіздіктер анықталды. 2024 жылы ауылдық жерлерде суға қол жеткізудің орташа көрсеткіші 97,8%-ға жеткенімен, сандық талдау қаржыландырудың жетіспеушілігі мен жобалық-сметалық құжаттаманың (ЖСҚ) жоқтығына байланысты бірқатар өңірлерде су үнемдеу технологияларын енгізу бойынша (КҰИ 36) нысаналы көрсеткіштердің айтарлықтай орындалмағанын көрсетті. Қорытындылар – зерттеу стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың жеткіліксіз үйлесімділігі, аумақтық диспропорциялармен ұштасып, ауылдық жерлерді сумен қамтамасыз ету саласындағы тұрақты мақсаттарға жетуді шектейтінін растайды және ведомствоаралық үйлестіруді күшейтуді, сондай-ақ бірыңғай, ОДМ-ға сәйкестендірілген мониторинг жүйелерін енгізу қажеттілігін көрсетеді.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-12-30

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Машаева A., Жупышева A., & Петров A. (2025). Тұрақты даму контекстінде Қазақстанның ауылдық аумақтарын сумен қамтамасыз етудің мемлекеттік бағдарламаларының үйлесімділігін бағалау. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ хабаршысының экономика сериясы, (4), 311–334. https://doi.org/10.32523/2789-4320-2025-4-311-334

Журналдың саны

Бөлім

Статьи