Қазақстандағы көлік саласының цифрлық трансформациясының мүмкіндіктері


Қаралымдар: 0 / PDF жүктеулері: 0

Авторлар

  • С. Самиева Қ.Құлажанов атындағы Қазақ технология және бизнес университеті
  • М. Мақыш КазУТБ
  • Б. Баядилова Қ.Құлажанов атындағы Қазақ технология және бизнес университеті

DOI:

https://doi.org/10.32523/2789-4320-2025-4-71-85

Кілт сөздер:

трансформация, цифрлық платформа, инновация, Big Data талдау, жасанды интеллект, интернет заттар, логистикалық платформалар

Аңдатпа

Мақаланың мақсаты - Қазақстандағы көлік саласының цифрлық трансформациясының ағымдағы жағдайына талдау жүргізу, цифрлық технологияларды енгізудің негізгі бағыттарын айқындау және олардың саланы дамытудағы тиімділігін бағалау. Зерттеу көлік инфрақұрылымына цифрлық шешімдердің әсерін анықтаумен қатар, саладағы институционалдық, технологиялық және экономикалық кедергілерді анықтауға бағытталған. Әдістер -зерттеу барысында жүйелік талдау, салыстырмалы-сараптамалық әдіс, дерексіз-логикалық және экономикалық бағалау тәсілдері қолданылды. Халықаралық тәжірибемен салыстыру мақсатында цифрлық технологияларды енгізудің жаһандық үлгілері зерттелді. Сонымен бірге мемлекеттік бағдарламалардың («Цифрлық Қазақстан», «Нұрлы жол») ресми деректері мен сараптамалық бағалар пайдаланылды. Нәтижелері - көлік саласының цифрлық трансформациясы бойынша негізгі бағыттар анықталды: интеллектуалды көлік жүйелерін (ИКЖ) енгізу, Big Data, IoT, блокчейн, бұлттық сервистерді пайдалану, логистикалық платформаларды дамыту, өндірістік үдерістерді роботтандыру және басқару жүйелерін автоматтандыру. Қазақстандағы АКТ нарығының өсу динамикасы талданып, цифрлық инфрақұрылымның дамуы көлік логистикасының тиімділігін арттыруға ықпал ететіні дәлелденді. Сонымен қатар көлік логистикалық кешеніндегі мүдделі тараптардың өзара әрекеттесуін қамтамасыз ететін «Инновациялық даму» технологиялық платформасының құрылымы ұсынылды. Қорытындылар - авторлар көлік саласын цифрландыру оның халықаралық бәсекеге қабілеттілігін арттыратын, логистикалық процестерді оңтайландыратын және өндірістік шығындарды төмендететін негізгі фактор екенін атап көрсетеді. Дегенмен цифрлық инфрақұрылымның біркелкі дамымауы, кадрлық әлеует тапшылығы және құқықтық шектеулер цифрлық трансформацияның тиімділігін төмендетеді. Сондықтан Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру, бірыңғай цифрлық стандарттар енгізу, инновациялық экожүйелер құру және мемлекеттік–жеке әріптестікті кеңейту қажеттілігі баса айтылады.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-12-30

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Самиева, С., Мақыш, М., & Баядилова, Б. (2025). Қазақстандағы көлік саласының цифрлық трансформациясының мүмкіндіктері. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ хабаршысының экономика сериясы, (4), 71–85. https://doi.org/10.32523/2789-4320-2025-4-71-85

Журналдың саны

Бөлім

Статьи