Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызметте гендерлік теңдікті дамыту


Қаралымдар: 68 / PDF жүктеулері: 228

Авторлар

  • Ш.А. Есимова
  • С.К. Жунусова

Кілт сөздер:

гендерлік саясат, гендерлік алшақтық, мемлекеттік қызмет, Қазақстан Республикасы, әйелдердің мансаптық өсуі, гендерлік стереотиптер мен рөлдер.

Аңдатпа

Қазақстан Республикасында қоғамның барлық салаларында (мемлекеттік, қоғамдық
және бизнес салаларында) әйелдердің жағдайы ұзақ уақыт бойы жеке стратегиялық бағыт ретінде қа-
растырылмай келген. Әлеуметтік-экономикалық саладағы және отбасындағы рөлдер, әйелдердің рөлін
анықтау және олардың отбасы экономикасына үлесін бағалау, әйелдердің кәсіби еңбекке кірігуі мен
жұмыстағы белсенділігі, сондай-ақ әйелдердің саяси мәртебесін (сайлауға қатысуын,саяси құқықтарды
иеленуін т.с.с.) құқықтық тұрғыда қарастыруға көптеген зерттеулер арналған. Әйелдердің мансап тұрғы-
сында өсуі, белгілі бір басшы мәртебесіне қол жеткізуі, әкімшілік және саяси мемлекеттік қызметте
кәсіби тұрғыда өзін танытуы, әйелдердің белгілі бір қызмет саласында шешім қабылдау және саясатты
анықтауға ықпалының дәрежесі мәселелері тек соңғы жылдары ғана көтеріле бастады.
Мақалада мемлекеттік қызметші лауазымын атқаратын 32 әйелмен жартылай құрылымданған терең
сұхбаттың, сондай-ақ мемлекеттік атқару және өкілдік органдарда қызмет атқаратын 950 әйелмен жүр-
гізілген сауалнама нәтижелері келтірілген.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2023-01-18

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Есимова, Ш., & Жунусова, С. . (2023). Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызметте гендерлік теңдікті дамыту. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысының экономикалық сериясы, (1), 94–108. Retrieved from https://bulecon.enu.kz/index.php/main/article/view/129

Журналдың саны

Бөлім

Статьи