Қоршаған ортаны қорғауға жұмсалатын шығындардың тиімділігінің интегративті негіздемесі: Карағанды облысының моноқалаларының тәжірибесі
Қаралымдар: 12 / PDF жүктеулері: 6
DOI:
https://doi.org/10.32523/2789-4320-2025-4-139-156Кілт сөздер:
моноқалалар,, тиімділікті бағалау әдістемесі, муниципалды қоршаған ортаны қорғау шығындары,, экологиялық-экономикалық тиімділік, әлеуметтік тиімділік.Аңдатпа
Ағымдағы жергілікті (муниципалды) қоршаған ортаны қорғау шығындарының тиімділігін бағалауды жүргізу, сондай-ақ тиімділікті бағалау әдістемесін ұсыну, содан кейін енгізу және практикалық қолдануға қабылдау. Бұл зерттеу Қарағанды облысының әкімдіктерінен қоршаған ортаны қорғауға арналған шығыстар туралы алынған деректерді және Қарағанды облысының моноқалалары бойынша қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарларының көрсеткіштерін талдауға негізделген. Қоршаған ортаны қорғауға арналған шығыстардың тиімділігін бағалау үшін қолданыстағы халықаралық үш "E"әдістеме негізінде жүргізілді. Жаңалық ретінде көп өлшемді бағалау негізінде муниципалды қоршаған ортаны қорғау шығындарының тиімділігін бағалаудың әдіснамалық процедурасы ұсынылды. Сонымен қатар, экономикалық бағалау саясаттың, соның ішінде муниципалды саясаттың басымдықтарын анықтаудың маңызды құрамдас бөлігі ретінде қарастырылады. Тұрақты даму стратегияларының көп өлшемді тиімділігін жалпылау үшін құрама индекстер мен көп өлшемді тәсілдер қолданылады. Зерттеу нәтижелері тиімділіктің басым критерийі үш E – Economy (үнемділік), Efficiency, (әсер ету) және Effectiveness (тиімділік) негізінде өзгертілген экономикалық тиімділікті талдау әдісі екенін көрсетті. Осыған байланысты моноқалалар мен қала құраушы кәсіпорындардың тұрақты дамуы үшін орнықты даму әдіснамасын – әлеуметтік, экологиялық және экономикалық құрамдас бөліктерді қолдану қажеттілігі туралы қорытынды жасалды.
Downloads
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2025 Р. Салимбаева, А. Адамбекова, С. Стамкулов

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-Коммерциялық емес 4.0 халықаралық лицензиясы.





