Қазақстанның ипотекалық нарығын мемлекеттік реттеу: ипотекалық қарызды қайта қаржыландыру мәселелері
Қаралымдар: 84 / PDF жүктеулері: 131
Кілт сөздер:
тұрғын үй нарығы, ипотекалық нарық, тұрғын үй нарығын қаржыландыру, мемлекет- тік реттеу, ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасы, ипотекалық кредит.Аңдатпа
Әр мемлекеттің басты міндеті - азаматтарды қол жетімді баспанамен қамтамасыз ету.
Ипотекалық несиелендіру тұрғын үй нарығын қаржыландырудың маңызды құралы болып табылады.
Ипотекалық несиелеу ұзақ мерзімді несиелермен сипатталады. Бұл тәсіл жеке бюджетке төмен жүкте-
ме кезінде қарызды біркелкі өтеу мүмкіндігі бар қарыз алушы үшін пайдалы, бірақ несие беруші үшін
бұл берілген несиені қайта қаржыландыру қажеттілігін тудырады. Қайта қаржыландыру ипотекалық
несиелеудің ажырамас бөлігі болып табылады. Қайта қаржыландырудың негізгі міндеті-несие беруші
қаржылық ресурстарға қажеттілік туындаған кезде, олар белсенді операцияларда болған кезде өтімділік
тәуекелін азайту. Әр түрлі авторлардың анықтамаларында көрсетілген қайта қаржыландыру мәнінің
басты ерекшелігі-ескі міндеттемелерді тоқтату және жаңаларының пайда болуы. Зерттеудің әдіснама-
лық негізі қайта қаржыландыру туралы шешім қабылдаудың әртүрлі тәсілдерін ұсынатын шетелдік ға-
лымдардың жұмыстары болды. Ұсынылған жұмыстың практикалық маңыздылығы автордың ипотека
нарығын мемлекеттік реттеуді талдап, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қау-
лысымен бекітілген Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын/ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру
бағдарламасының іске асырылуына баға беруінде.