2000-2020 жылдағы Қазақстанда бала табу жоғары көрсеткіш құбылысының экономикалық талдауы


Қаралымдар: 0 / PDF жүктеулері: 0

Авторлар

  • Ф. Куанганов «Астана» халықаралық ғылыми кешені

DOI:

https://doi.org/10.32523/2789-4320-2025-4-49-70

Кілт сөздер:

Қазақстандағы жоғары туу құбылысы,, демографиялық ауысу заңы,, экономикалық демография,, демографиялық модернизация,, тууды ынталандыру,, ұрпақ қоры,, репродуктивті мінез-құлық,, Г.Беккердің туу деңгейінің экономикалық теориясы

Аңдатпа

Қазақстандағы бала табу жоғары көрсеткіші құбылысы деп аталатын экономикалық демография және микроэкономика тұрғысынан өсіп келе жатқан урбанизация жағдайында қарастырылады. Бұл мақаланың зерттеу нысаны – жоғары туу көрсеткіші феномені. Ол туу экономикасы тұрғысынан, яғни репродуктивтік мінез-құлықтың экономикалық факторлары арқылы қарастырылған. Сонымен қатар, қазақстандық отбасылардың репродуктивтік бағдарларының ерекшеліктері талданады. Мақаланың мақсаты – жоғары туу көрсеткішінің экономикалық детерминациясын көрсету және Қазақстан мысалында экономикасын индустрияландыру және қоғамның урбанизациялану деңгейі жоғары елдерде туу деңгейінің төмендеуі басқарылатын және қайтымды екенін көрсету. Әдістері КСРО, Еуропа және АҚШ-тағы демографиялық өсу мәселелерін шешу бойынша әдебиеттерге шолу талдауы, ретроспективті және салыстырмалы талдау, үй шаруашылығындағы репродуктивті функциясына микроэкономикалық талдау әдістерін қолдана отырып, «мини-фабрика» ретіндегі отбасының репродуктивті мінез-құлқын жүйелік талдау кіреді. Нәтижелері – туу деңгейін көтермелеудің экономикалық тетіктері тұрғысынан 21 ғасырдағы Қазақстандағы жоғары туу деңгейінің негізгі себептерін түсінуді, сондай-ақ американдық экономист, 1992 жылғы Нобель сыйлығының лауреаты Гари Беккердің туудың экономикалық теориясына негізделген Қазақстандағы тууды басқару мүмкіндіктерін бағалауды қамтиды. Қорытындылар – бала тууды ынталандырудың экономикалық тетіктері әмбебап болып табылады және демографиялық ауысу кезінде де жұмыс істейді. Ұсынылған теориялық база мен әдістеме тууды қолдау саясаты үшін пайдаланылуы мүмкін.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-12-30

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Куанганов, Ф. (2025). 2000-2020 жылдағы Қазақстанда бала табу жоғары көрсеткіш құбылысының экономикалық талдауы. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ хабаршысының экономика сериясы, (4), 49–70. https://doi.org/10.32523/2789-4320-2025-4-49-70

Журналдың саны

Бөлім

Статьи