Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіп кешенінде қаржылық құралдарды пайдаланудың тиімділігі
Қаралымдар: 124 / PDF жүктеулері: 169
Кілт сөздер:
агроөнеркәсіптік кешен, ауыл шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы, субсидиялау, мемлекеттік қолдау.Аңдатпа
Мақалада ауыл шаруашылық саласын дамыту мәселелері мен оны «Қа-
зақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясында шешу жолдары қарастырылған. АӨК
дамуының қазіргі жағдайы қарастырылып, ауыл шаруашылығының негізгі салаларына
талдау жүргізілді.
Қазақстанда көптеген бағдарламалар әрекет етеді, алайда оларды жүзеге асыру сапасы,
жоспарланған индикаторларға қол жеткізу үнемі тиісті мониторингтің және іске асы-
руды бағалаудың жоқтығынан, нақты индикаторлардың жоқтығынан, жауапты орын-
даушылардың жауапкершілігінің төмендігінен көптеген проблемаларға тап болады.
Мақалада келесілер анықталды: Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенінде қолданы-
латын қаржы құралдары әртүрлі меншік нысанындағы ұйымдарға тең қол жеткізуге
мүмкіндік бермейді, себебі өсімдік шаруашылығында жұмыс істейтін ірі тұлғалардың
мүдделерін ғана қолдайды, бұл өз кезегінде азық-түлік қауіпсіздігін арттыруға және
өнімнің импортын алмастыруға мүмкіндік бермейді.
АӨК қаржыландыру қаражаттарына жасалған талдау жүргізіліп отырған мемлекет-
тік саясаттың тиімділігін арттыру жөніндегі ұсынымдарды әзірлеуде тәуелсіз объек-
тивті баға береді.