Жасанды интеллекттің денсаулық сақтау жүйесіне интеграциялау: Қазақстан үшін салыстырмалы талдау және бейімделу мүмкіндіктері


Қаралымдар: 21 / PDF жүктеулері: 6

Авторлар

  • А. Омарова Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті
  • Ж. Зейнуллина Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті
  • Л. Никола-Гаврилла Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті

DOI:

https://doi.org/10.32523/2789-4320-2026-2-57-73

Кілт сөздер:

цифрландыру, денсаулық сақтау, қаржылық тұрақтылық, басқару, жасанды интеллект, интеграция, бюджеттік саясат

Аңдатпа

Зерттеудің өзектілігі денсаулық сақтау саласының жедел цифрлық трансформациясымен және медициналық жүйелердің тиімділігін арттыру құралы ретінде жасанды интеллекттің рөлінің күшеюімен байланысты. Халықаралық тәжірибе жасанды интеллектті табысты енгізу тек технологиялық дайындықты ғана емес, сонымен қатар саланың қаржылық тұрақтылығын да талап ететінін көрсетеді. Бұл, әсіресе, экономикасы дамушы елдер үшін, оның ішінде Қазақстан Республикасы үшін аса маңызды. Зерттеудің мақсаты денсаулық сақтау саласына жасанды интеллектті енгізудің шетелдік модельдерін салыстырмалы талдау және Қазақстан Республикасындағы денсаулық сақтауды қаржыландыру көрсеткіштері негізінде цифрландырудың экономикалық шарттарын бағалау болып табылады. Зерттеу әдістері халықаралық тәжірибелерді салыстырмалы институционалдық талдауды, уақыт қатарларын статистикалық талдауды, денсаулық сақтау саласындағы кірістер мен шығыстардың өсімін және өсу қарқындарын есептеуді, көрсеткіштердің өсімі бойынша корреляциялық талдауды және шығыстардың кірістер динамикасына тәуелділігін сипаттайтын сызықтық регрессиялық модель құруды қамтиды. Зерттеу нәтижелері Қазақстан Республикасында денсаулық сақтауды қаржыландырудың тұрақты өсуін және бюджеттік теңгерімнің сақталуын көрсетеді. Алайда өсім динамикасы қаржылық резервтің кеңеюі мен қысқаруы кезеңдерінің кезектесіп отыратынын анықтады. Кірістер мен шығыстар өзгерістерінің арасында күшті оң байланыс анықталды, бұл жүйенің даму ауқымының ресурстық базаға жоғары тәуелділігін көрсетеді. Цифрландыру мен жасанды интеллектті енгізуге, инвестиция салуға неғұрлым қолайлы кезеңдер айқындалды. Зерттеу қорытындылары денсаулық сақтау саласының экономикалық тұрақтылығы жасанды интеллектті ауқымды енгізудің негізгі шарты екенін дәлелдейді. Қаржылық мүмкіндіктер кезеңдерін ұтымды пайдалану және өлшенетін тиімділігі бар жобаларды басымдыққа қою бюджеттік теңгерімді бұзбай технологиялық дамуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Алынған нәтижелер денсаулық сақтау саласын цифрлық трансформациялау бойынша ұлттық және өңірлік саясатты қалыптастыруда қолданылуы мүмкін.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2026-06-30

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Омарова , А., Зейнуллина, Ж., & Никола-Гаврилла, Л. . (2026). Жасанды интеллекттің денсаулық сақтау жүйесіне интеграциялау: Қазақстан үшін салыстырмалы талдау және бейімделу мүмкіндіктері. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ хабаршысының экономика сериясы, (2), 57–73. https://doi.org/10.32523/2789-4320-2026-2-57-73

Журналдың саны

Бөлім

Статьи