Туристік дестинацияның тұрақты дамуы (Шортанды-Бурабай курорттық аймағы мысалында)
Қаралымдар: 101 / PDF жүктеулері: 487
Кілт сөздер:
ішкі туризм, туризмнің тұрақты дамуы, туристік дестинация, туристік дестинацияның тұрақты даму факторлары, қонақ үй индустриясы, курорттық аймақ.Аңдатпа
Соңғы онжылдықта отандық экономикада туристік дестинацияның тұрақты даму про-
блемаларына тиісті назар аударылмаған. БҰҰ-ның тұрақты дамуға қол жеткізу 17 мақсаттарымен тұжы-
рымдамасы көптеген елдердің экономикасы пандемияның және экономикалық дағдарыс салдарынан
шикізат ресурстарына бағаның тұрақсыздығының теріс әсеріне ұшырағаннан кейін әсіресе өзекті болып
отыр. Осыған байланысты елдердің тұрақты дамуын зерттеу және іске асыру қажеттігін атап өте отырып,
мақалада туризмдегі тұрақты даму мәселелеріне назар аударылды. Осы мақсатта зерттеу нысаны ретін-
де ең тартымды туристік дестинацияның бірі - Шортанды-Бурабай курорттық аймағы қарастырылды.
Мақалада Қазақстан Республикасының перспективалы туристік дестинацияларының бірі ретінде Шор-
танды-Бурабай аймағының туристік индустриясын талдауға ерекше назар аударылды, өңірде туризмді
тұрақты дамытудың негізгі факторлары келтірілген. Зерттеу нәтижелері негізінде өңірде туризмді
тұрақты дамытуды жоспарлаудың құрылымдық моделі ұсынылды.