Қаржылық есептілік көрсеткіштері негізінде болжаудың цифрлық және эконометриялық құралдары


Қаралымдар: 0 / PDF жүктеулері: 0

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/2789-4320-2026-3-243-254

Кілт сөздер:

қаржылық есептілік, қаржылық көрсеткіштер, эконометриялық модельдеу, қаржылық болжау, цифрлық талдау, регрессиялық талдау, бизнес-аналитика, инвестициялық тартымдылық, басқарушылық шешімдер

Аңдатпа

Мақсаты. Кәсіпорындарда қаржылық есептілік көрсеткіштерінің  ақпараттық әлеуетін кеңейту негізінде кәсіпорынның қаржылық нәтижелерін болжаудың тиімді интеграцияланған әдіснамасын әзірлеу, қаржылық болжауда қолданылатын  заманауи  цифрлық – эконометриялық құралдарды жүйелеу.  Әдістері. Мақаланы зерттеу барысында ғылыми абстракция, салыстырмалы және жүйелік талдау, экономикалық-статистикалық талдау, регрессиялық талдау, уақыттық қатарлар модельдері және көпфакторлы экономикалық әдістер қолданылды. Аталған әдістерді ескере отырып, эконометриялық модельдердің параметрлерін бағалау, олардың статистикалық маңыздылығы мен дәлдігін тексеру, деректерді өңдеу мен талдаудың автоматтандырылған жүйелері, бизнес-аналитика платформалары және машиналық оқыту элементтері пайдаланылды. Нәтижелері. Жалпы қаржылық есептілік көрсеткіштерінің сапалық сипаттамалары: сенімділігі, толықтығы және салыстырмалылығы бағаланады. Олардың басқарушылық шешімдер қабылдаудағы және кәсіпорын қызметінің нәтижелілігін бағалаудағы рөлі айқындалады. Осы негізде қаржылық есептілік деректерін трансформациялау және интеграциялау арқылы қаржылық нәтижелерді болжау дәлдігін арттыруға мүмкіндік беретін әдіснамалық тәсіл ұсынылады. Зерттеу нәтижелері қаржылық және басқарушылық есеп деректерін біріктіру ақпараттық асимметрияны төмендетіп, болжау нәтижелерінің сенімділігін арттыратынын көрсетті. Цифрлық аналитикалық құралдарды пайдалану кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын бағалау, тәуекелдерді басқару және стратегиялық шешімдердің тиімділігін арттыру мүмкіндіктерін кеңейтетіні дәлелденді. Қорытындылар. Келтірілген әдіснамалық тәсіл кәсіпорындардың қаржылық нәтижелерін болжаудың ғылыми-практикалық негізділігі мен тиімділігін арттыруға бағытталған. Зерттеу нәтижелері қаржылық есептіліктің ақпараттық мүмкіндіктерін кеңейтуге, цифрлық трансформация жағдайында аналитикалық әлеуетті арттыруға және деректерге негізделген басқару жүйесін қалыптастыруға әдістемелік негіз болып табылады.

Downloads

Download data is not yet available.

Автор өмірбаяндары

Жылкайдаровна, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

экономика ғылымдарының кандидаты, доцент м.а., Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Сыбанбаевич, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

PhD, аға оқытушы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Саятқызы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

1 курс магистранты, 7М04104 «Есеп және аудит» білім беру бағдарламасы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Жүктеулер

Жарияланды

2026-09-30

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Садуакасова, К., Корабаев, Б., & Бейсенбай, А. (2026). Қаржылық есептілік көрсеткіштері негізінде болжаудың цифрлық және эконометриялық құралдары. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ хабаршысының экономика сериясы, (3), 243–254. https://doi.org/10.32523/2789-4320-2026-3-243-254

Журналдың саны

Бөлім

Статьи