Қазақстан экономикасының аумақтық-салалық құрылымы: өндірістің шоғырлануы және өңірлік диспропорциялар


Қаралымдар: 0 / PDF жүктеулері: 0

Авторлар

  • Г. Тайкулакова Алматы Менеджмент Университеті
  • Ж. Серикбаева Алматы Менеджмент Университеті
  • Д. Салауатова Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

DOI:

https://doi.org/10.32523/2789-4320-2026-3-56-74

Кілт сөздер:

аумақтық-салалық құрылым, өндірістің шоғырлануы, өңірлік теңсіздік, өнеркәсіптік мамандану, еңбек өнімділігі, жұмыспен қамту, Қазақстан

Аңдатпа

Мақалада Қазақстан экономикасының аумақтық-салалық құрылымы өндірістің шоғырлануы, өңірлік мамандану және аймақаралық теңсіздіктер тұрғысынан қарастырылады. Зерттеудің өзектілігі өнеркәсіптік дамудың кеңістіктік әркелкілігі өңірлердің тұрақтылығына, жұмыспен қамтуға, еңбек өнімділігіне, қайта өңдеу тереңдігіне және қосылған құн тізбектерін қалыптастыру мүмкіндігіне ықпал етуімен байланысты. Зерттеудің мақсаты –  Қазақстан өңірлеріндегі өндірістік артықшылықтары бар салаларды анықтау және өндірістік шоғырланудың қандай нысандары өсу нүктесі, ал қандай нысандары құрылымдық шектеулер ретінде көрінетінін айқындау. Әдістемелік негіз ретінде PCR/ECR диагностикасы қолданылды: PCR сектордың салыстырмалы өндірістік нәтижелілігін, ал ECR жұмыс күшінің шоғырлануын сипаттайды. 2025 жылғы деректер негізінде салалар төрт топқа бөлінді: басым, жоғары тиімді, әлеуметтік маңызды және өнімділікті арттыруды қажет ететін салалар. Нәтижелер Қазақстанның өнеркәсіптік кеңістігі әркелкі екенін көрсетеді: батыс өңірлерінде ресурстық-қайта өңдеу бағыты, орталық және шығыс өңірлерде индустриялық-технологиялық әлеует, солтүстік және оңтүстік өңірлерде агроөнеркәсіптік мамандану, ал ірі қалаларда сервистік-индустриялық өндірістер шоғырланған.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2026-09-30

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Тайкулакова, Г., Серикбаева, Ж., & Салауатова, Д. (2026). Қазақстан экономикасының аумақтық-салалық құрылымы: өндірістің шоғырлануы және өңірлік диспропорциялар. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ хабаршысының экономика сериясы, (3), 56–74. https://doi.org/10.32523/2789-4320-2026-3-56-74

Журналдың саны

Бөлім

Статьи