Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау: субсидиялардан цифрландыру мен «жасыл» технологияларға дейін
Қаралымдар: 0 / PDF жүктеулері: 0
DOI:
https://doi.org/10.32523/2789-4320-2026-3-217-231Кілт сөздер:
ауыл шаруашылығы, мемлекеттік қолдау, субсидиялар, жеңілдікті несиелендіру, лизинг, цифрландыру, «жасыл» экономика, рентабельділік, ҚазақстанАңдатпа
Мақсаты − 2020–2025 жж. Қазақстанның ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдауының тікелей субсидиялардың басымдығынан цифрлық және «жасыл» құралдарды кеңейтуге қарай эволюциясын талдау және бұл трансформацияның салалық тұрақтылық пен тиімділікке әсерін, сондай-ақ ДСҰ және ЕАЭО аясындағы міндеттемелерге сәйкестігін бағалау. Әдістері − жалпы өнім шығарылымы, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының рентабельділігі және негізгі капиталға салынған инвестициялар құрылымының динамикасын экономикалық-статистикалық талдау; мемлекеттік қаржылық қолдау құралдарының құрылымын салыстырмалы талдау; құрылымдық жіктеу; өсу қарқыны мен CAGR көрсеткіштерін, сондай-ақ инвестициялар мен жалпы өнім өсімінің арақатынасын білдіретін авторлық индикаторды есептеу. Нәтижелері −Саланың негізгі капиталға салынған инвестициялардағы үлесі 2023 жылғы 5,4%-дан 2024 жылы 4,7%-ға дейін қысқарды. Мемлекеттік қаржыландыру құрылымының маусымдық жұмыстарды жеңілдікпен несиелендіруге (2024 жылы бөлінген қаражаттың шамамен 53%), ауыл шаруашылығы техникасының лизингіне (28%) және инвестициялық жобаларға (18%) қарай ығысуы, сондай-ақ электрондық субсидиялау жүйелері мен «жасыл» қаржы элементтерінің кеңеюі анықталды. Қорытынды − жалпы өнім өсімі өндірушілердің рентабельділігінің төмендеуімен және саланың елдің инвестициялық портфеліндегі үлесінің қысқаруымен қатар жүреді, бұл өсудің экстенсивті резервтерінің таусылғанын көрсетеді және қолдауды сапалық тұрғыдан түрлендірудің маңыздылығын арттырады.
Downloads
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2026 A. Зейнолла, М. Петухова

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-Коммерциялық емес 4.0 халықаралық лицензиясы.





