Қазақстан жоғары оқу орындарының миссия тұжырымдарын талдау


Қаралымдар: 72 / PDF жүктеулері: 70

Авторлар

  • Ә. Абайділда Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • Ш. Турмаханбетова Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Кілт сөздер:

стратегия, миссия тұжырымдары, миссия компоненттері, жоғары оқу орындары, басқару

Аңдатпа

Миссияның дұрыс тұжырымдалуы кез-келген ұйымның басқару стратегиясын жүзеге асыру және бағалау үшін өте маңызды. Әрбір жоғары білім беру ұйымының өзіндік бағыты мен ерекше мақсаты болады және сол ерекшеліктеріне сәйкес миссия мәлімдемесін де қалыптастырады. Мақала қазақстандық жоғары оқу орындарының миссия мәлімдемелерін стратегиялық менеджмент қағидаттарына негізделген сипаттамаларына сәйкестігін анықтау арқылы талдауға бағытталған. Осы зерттеуде талдаудың үш тобы ұсынылған, оның ішінде (1) миссия мәлімдемелерінің компоненттері мен сипаттамаларын талдау; (2) миссия мәлімдемелерінде жиі қолданылатын түйінді сөздерді анықтау; (3) миссия туралы мәлімдемелердегі негізгі тақырыптарды айқындау. Атап айтқанда, Пирс ұсынған миссияның «идеалды» моделіне сүйене отырып жүз екі жоғары оқу орындарының миссия мәлімдемелеріне мазмұнды талдау жасалып отыр. Нәтижелер өнім/қызмет, тұтынушы, нарық және қоғам сияқты компоненттер жиі кездесетінін көрсетеді. Жұмыс нәтижелерін жоғары оқу орындарының менеджерлері өздерінің миссия мәлімдемелерін дұрыс құруға және оларды стратегияның қозғаушы күші ретінде тиімді пайдалануды күшейту үшін қолдана алады.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2022-09-23

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Абайділда, А., & Турмаханбетова S. (2022). Қазақстан жоғары оқу орындарының миссия тұжырымдарын талдау. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысының экономикалық сериясы, (3), 165–173. Retrieved from https://bulecon.enu.kz/index.php/main/article/view/155

Журналдың саны

Бөлім

Статьи