Қазақстандағы инновациялық экономиканы басқарудағы өзекті мәселелер
Қаралымдар: 49 / PDF жүктеулері: 53
Кілт сөздер:
инновация, инновациялық экономика, ұлттық қызығушылық, инновациалық үрдіс, мемлекеттік саясат, мемлекеттік бағдарламаАңдатпа
Авторлық зерттеудің өзектілігі инновациялық саланың қарқынды дамуы - инновациялық эко-
номиканың негізгі компоненттерінің бірі болып табылатындығымен айқындалады, сондықтан жоғары техно-
логиялық экономика тиімді инновациялық жүйенің болуы мен инновациялық процесті қолдайтын институт-
тарды құруды көздейді. Қазақстандағы инновациялық үрдістер көп жағдайда нарықтың тетігіне қарағанда,
мақсатты мемлекеттік саясат ретінде көрініс табады; жаңа экономиканы құру талаптарына сәйкес келетін
ұлттық институттар жүйесінің құрылуына шешуші әсер ете алатын тек мемлекет болып табылады. Мақа-
ла авторы Қазақстан Республикасының экономикалық дамуы шеңберінде ұлттық экономиканы басқарудың
өзекті мәселелерін қарастырды.
Зерттеу барысында инновациялық процестерді қолдаудың басқару тетіктері мен тәсілдері қарастырыл-
ды. Сонымен қатар Қазақстанның инновациялық экономикасына мемлекеттік бағдарламаларды енгізу сынды
өзекті мәселелер қаралды.