Жаһандану жағдайындағы экономиканы цифрландыру және оның қоғамның әлеуметтік-мәдени өзгеруіне әсері
Қаралымдар: 98 / PDF жүктеулері: 837
Кілт сөздер:
цифрландыру, түрлендіру, цифрлық экономика, жаһандану, цифрлық технология, автоматизация, кибернетика.Аңдатпа
Мақаланың өзектілігі қазіргі экономиканың дамудың жаңа инновациялық
кезеңіне енуіне байланысты және оның әлеуеті, білімі, шығармашылық ойлау қабілеті
мен тәжірибесі бар адам барған сайын маңызды бола түсуде. Авторлар жүргізген зерт-
теу цифрландыру үдерісінің өзектілігі мен қажеттілігін растады, бұл цифрлық эко-
номика жағдайында түрлендірудің қажеттілігі мен қайтымсыздығына байланысты,
қазіргі заманғы цифрлық технологияларды енгізу арқылы, соның арқасында тұтастай
алғанда экономиканың тиімділігі артады.
Қойылған мақсатқа жету үшін авторлар 4.0 нарығындағы негізгі әлемдік үрдістерді,
цифрлық түрлендіру кезеңіндегі компаниялар үшін жағымды жақтар мен тәуекелдерді,
цифрландырудың адам өмірінің барлық аспектілеріне әсерін талдады.
Зерттеу нәтижесінде авторлар жаһандық цифрландырудың қоғамның әлеуметтік-мә-
дени түрлендіруіне әсерін анықтады, цифрлық қоғамның кейбір индикаторлары көр-
сетілді. Олардың ішінде заттар Интернетін белсенді пайдалануды (ақылды техника,
ақылды кеңістік және ақылды қаланы дамыту тұжырымдамасы), үлкен деректерді
сақтауды және өңдеуді, автоматтандыру мен роботтандыруды белсенді енгізуді, оң де-
мографиялық өзгерістерді, желілік қоғамды, экологияландыруды, еңбек нарығының өзге-
руіне алып келетін технологиялық және әлеуметтік өзгерістерді жеделдетуді белгілеуге
болады.