Ұлттық корпоративтік басқару үлгілерін құндық тәсіл тұрғысынан талдау
Қаралымдар: 87 / PDF жүктеулері: 275
Кілт сөздер:
корпоративтік басқару, құндық тәсіл, корпоративтік басқарудың ұлттық үлгілері, ин- вестиция тартуАңдатпа
Мақалада корпоративтік басқарудың негізгі ұлттық үлгілеріне сипаттама берілген,
олардың қызмет етуінің негізгі тетіктері зерттелген. Бұл үлгілердің жеке құрамдастарын салыстыр-
малы талдау олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын, сонымен қатар артықшылықтары мен
кемшіліктерін айқындауға мүмкіндік берді. Анықталған сипаттамалар негізінде құндық тәсілге негіздел-
ген корпоративтік басқарудың негізгі критерийлері бойынша салыстырмалы кесте құрылды. Зерттеу
барысында зерттелген үлгілердің анықталған айырмашылықтары олардың ерекшелігі мен бірегейлігін
сипаттауға, сондай-ақ олардың қазақстандық жағдайда қолданылуын зерттеуге мүмкіндік берді. Со-
нымен қатар, корпоративтік басқарудың қазақстандық моделінің қалыптасуы мен дамуына баға беріліп,
кемшіліктер мен оны одан әрі дамыту мүмкіндіктері анықталды. Зерттеу қорытындыларына сүйене оты-
рып, корпоративтік басқарудың қазақстандық үлгісінің дамуының кейбір басым бағыттары ұсынылды.
Зерттеу нәтижелері корпоративтік менеджмент саласындағы зерттеулермен айналысатын ғылыми қыз-
меткерлерді, оқытушыларды, докторанттарды және магистранттарды қызықтыруы мүмкін.