Кәсіпорын тәуекелдерін басқарудағы ақпараттық технологиялардың ролі


Қаралымдар: 77 / PDF жүктеулері: 299

Авторлар

  • Н.Н. Нурмухаметов
  • К.Т. Ауезова
  • М.Б. Султанова

Кілт сөздер:

тәуекелдерді басқару,менеджмент, ақпараттық технологиялар, тәуе- кел, коммуникация.

Аңдатпа

Мақала кәсіпорындардың тәуекелін басқарудағы ақпараттық технологи-
ялардың маңыздылығын анықтауға және сараптама жүргізуге бағытталған
Қазіргі уақытта ақпараттық технологиялар экономикалық, әлеуметтік және т.б.
стратегиялық маңызды функцияларды атқарады. Сондықтан да, кәсіпорындағы ақпа-
раттық технологиялардың динамикалық дамуын қамтамасыз ету үшін басқару ме-
ханизмдерін тиімді пайдаланудың маңыздылығына талдау жасалды, сонымен қатар,
аталмыш саладағы кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін инноваци-
ялық басқару механизмдерін ажырата білу қажеттілігі сараланды, нәтижесінде тәуе-
келді басқаруда ақпараттық технологияларды эффективті түрде басқару жүйесін ұй-
ымдастыру шараларын тиімді жоспарлау мүмкіндіктері талданды.
Мақалада қарастырылған басқару механизміне миссия, мақсат, міндеттер, принцип-
тер, функциялар және басқару әдістері кіреді. Сонымен қатар, жоспарлау, ұйымдасты-
ру, ынталандыру, үйлестіру, бақылау механизмдері сипатталды және басқару меха-
низмдерін қалыптастыру жолдары ұсынылды. Инновациялық басқару механизмдері де
ақпараттық технологияларды пайдалану тарапынан алға жылжу көзі ретінде қарасты-
рылды.
Мұндай жағдайларда, кәсіпорында тәуекел-менеджментті ұйымдастыруды бірыңғай
жүйелі тәсіл шеңберінде жүзеге асыру қажет, бұл мынадай міндеттерді шешуді кешенді
іске асыруды көздейді: тәуекелдерді басқарудың жалпы саясатын қалыптастыру, тәуе-
келдің қолайлы деңгейін, жол берілетін ысырапты айқындау; тәуекелдерді сәйкестендіру
және олардың әсерін бағалау, тәуекелдерді саралау; тәуекелдерді басқару әдістемелерін
айқындау; технологиялық талаптарды бекіту, операцияларға лимиттер белгілеу, ре-
сурстар көлемі, қызметкерлердің өкілеттіктерін шектеу және т. б.; талаптар мен
рәсімдердің сақталуын бақылау жүйесін қалыптастыру; тәуекелдің ағымдағы деңгейін,
компанияның технологиялық, басқарушылық және қаржылық көрсеткіштерін талдау;
талаптарға, лимиттерге және рәсімдерге түзетулер енгізу және т. б.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2023-01-19

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Нурмухаметов , Н., Ауезова , К., & Султанова, М. . (2023). Кәсіпорын тәуекелдерін басқарудағы ақпараттық технологиялардың ролі. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысының экономикалық сериясы, (2), 167–175. Retrieved from https://bulecon.enu.kz/index.php/main/article/view/194

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Most read articles by the same author(s)