Мұнай-газ компанияларының капитал құрылымының экологиялық және пандемиялық факторларға сезімталдығы
Қаралымдар: 61 / PDF жүктеулері: 130
Кілт сөздер:
капитал құрылымы, компанияның өнімділігі, меншікті капиталдың кірістілігі, актив- тердің кірістілігі, жасыл экономика, энергетика.Аңдатпа
Сарапшылардың айтуынша, 2016 жылдан 2021 жылға дейін әлемдік мұнай мен газды
барлау және өндіру нарығының көлемі жыл сайын орта есеппен 2,2%-ға қысқарды. Бұл зерттеудің нәти-
желері пандемия және жасыл экономика трендімен баланысты туындаған ауырпашылықтарды компа-
ниялардың капитал құрымымын пайдаланып түсүлімдік көрсеткішін тұрақтандыру мен артыру жолда-
рын ұсынады. Бұл зерттеудің мақсаты капитал құрылымы мен Нью-Йорк қор биржасында листингтен
өткен үздік бес энергетикалық компаниялардың соңғы бес жылдағы көрсеткіштері арасындағы байла-
нысты талдау негізінде капиталдың оңтайлы құрылымын анықтау болып табылады. Талдау тиімділікті
бағалау көрсеткіштері (ROE, ROA) мен капитал құрылымы (левередж коэффициенті) арасындағы кор-
реляция коэффициенті мен регрессиялық талдау негізінде жүргізілді. Жұмыста негізгі көрсеткіштер-
мен қатар жас, кірістілік және капитал құрылымы арасындағы байланыс та қарастылады. Зерттеудің
нәтежелері негізінде компания менеджерлері мен инвесторларға ағымдағы нарық жағдайында капитал
құрылымы арқылы компанияның жұмысын жақсарту бойынша ұсыныстар береді.