Қазақстандағы қоршаған ортаны қорғауға жұмсалатын шығындарды талдау


Қаралымдар: 86 / PDF жүктеулері: 107

Авторлар

  • Ж.М. Орынканова
  • Р.А. Байжолова

DOI:

https://doi.org/10.32523/2079-620X-2019-2-54-64

Кілт сөздер:

қоршаған орта, қоршаған ортаны қорғауға арналған шығындар, «жасыл эконо- мика», ластаушы заттар, табиғатты қорғау қызметі

Аңдатпа

Қоршаған ортаны қорғау мемлекеттің ұлттық мүдделерін қорғаудағы маңызды
және басым бағыттарға жатады. Бүгінгі таңда бұл мәселе өте өзекті, ғалым-экономистердің қы-
зығушылығы мен жаңа зерттеулерінің құралы болып отыр. Адамзаттың болашақта әл-ауқаты және
экономиканың тұрақты дамуы қазіргі заманғы ең талқыланатын мәселелердің бірі ретінде қоршаған
ортаны қорғау мәселесін табысты шешуге негізделген. Маңызды түрде бұл қызметті табысты іске
асыру қоршаған ортаны қорғауға байланысты салымдар көлеміне және іс-шаралардың тиімділігі-
не тәуелді. Мақаланың мақсаты қоршаған ортаны қорғауға жұмсалатын шығындарды жоғары тех-
ногендік жүктемелерге баламалы тұрғысынан талдау болып табылады. Табиғатты қорғау қызметі-
не жұмсалған шығындарды зерттеу барысында логикалық, статистикалық, салыстырмалы талдау
әдістері қолданылды. Бұл зерттеуде, біріншіден, Қазақстанның табиғатты қорғау қызметінің басым
бағыттары анықталды, екіншіден, елдің ЖІӨ-нен қоршаған ортаны қорғауға арналған шығыстар
үлесінің төмендеуі пайызбен көрсетілді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өңірлер бөлінісін-
де 2013-2017 жылдардағы қоршаған ортаны қорғауға арналған шығындарына талдау жүргізілді.
Қазақстанның Қоршаған ортаны қорғауға жұмсалған шығындарының жыл сайын ұлғаюына қара-
мастан, табиғатты қорғау қызметінің тиімділігінің аз екендігін зерттеулер растады. Зерттеу нәти-
желері қоршаған ортаға теріс салдарды нивелирлеу үшін ІЖӨ-ден пайыздық арақатынаста табиғат
қорғау қызметіне, оның ішінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы ғылыми зерттеулер мен әзір-
лемелерге жұмсалатын шығындарды ұлғайту қажет екендігін көрсетеді.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2023-01-20

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Орынканова Z., & Байжолова R. (2023). Қазақстандағы қоршаған ортаны қорғауға жұмсалатын шығындарды талдау. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысының экономикалық сериясы, (2), 54–64. https://doi.org/10.32523/2079-620X-2019-2-54-64

Журналдың саны

Бөлім

Статьи