Қазақстанда ислам қаржысын дамыту перспективалары мен мүмкіндіктері: ислам терезелерін ашу


Қаралымдар: 154 / PDF жүктеулері: 112

Авторлар

  • Н.П. Құраш
  • С.Б. Макыш
  • Г.К. Кантороева

Кілт сөздер:

Ислам қаржысы, Ислам терезелері,Ислам банктері, дәстүрлі банктер, екінші деңгейлі банктер, Ислам қаржы нарығы, Исламдық қаржы құралдары

Аңдатпа

Мақалада исламдық «терезелерді» ашу арқылы Қазақстандағы исламдық қаржыландырудың даму перспективалары қарастырылады. Индонезия, Малайзия, Катар, Германия, Ұлыбритания, Алжир сияқты елдердегі дәстүрлі қаржы институттарында исламдық терезелерді енгізудің әлемдік
тәжірибесі де қарастырылды. Бұл зерттеуде исламдық банктер мен дәстүрлі банктердің исламдық терезелері олардың артықшылықтары мен кемшіліктері салыстырылып қарастырылып отыр. Осы мақаланың мақсаты - Қазақстан Республикасында исламдық терезелерді енгізу перспективаларын зерттеп
қарастыру.
Мақалада эмпирикалық зерттеу әдістері қолданылды (салыстыру). Қазақстандағы дәстүрлі мекемелерде (дәстүрлі банктерде) исламдық терезелерді қолданудың күшті, әлсіз жақтары, мүмкіндіктері мен
қатерлері (SWOT-талдау) талданды.
Осы зерттеуде жүргізілген талдау көрсеткендей, әлемдік тәжірибеде дәстүрлі банктерде «исламдық
терезелер» деп аталатын исламдық банктік бөлімшелердің ашылуы сол елдерде исламдық қаржыландыру дамуының бастамасы болғанын көрсетіп отыр. Сонымен қатар, дәстүрлі банктердің исламдық терезелерінің тиімділігі ислам банкімен салыстырғанда әлдеқайда жоғары екендігі анықталды.
Осылайша, Қазақстан Республикасының қаржы институттары мен екінші деңгейлі банктерінде «исламдық терезелердің» ашылуы исламдық қаржы нарығын дамытудың тиімді тетігі бола алады және исламдық қаржы құралдарын енгізу процесін жеделдетуіне көмектеседі.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2023-01-23

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Құраш N., Макыш S. ., & Кантороева G. . (2023). Қазақстанда ислам қаржысын дамыту перспективалары мен мүмкіндіктері: ислам терезелерін ашу. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысының экономикалық сериясы, (4), 181–192. Retrieved from https://bulecon.enu.kz/index.php/main/article/view/244

Журналдың саны

Бөлім

Статьи