Қазақстан Республикасының азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған бюджет қаражатын пайдалану тиімділігінің аудиті
Қаралымдар: 84 / PDF жүктеулері: 98
Кілт сөздер:
сыртқы мемлекеттік аудит, тиімділік, агроөнеркәсіп кешені, бюджет қаражаты, азықтүлік қауіпсіздігі.Аңдатпа
Қазақстан Республикасында АӨК дамыту мақсатында тәуелсіздік алғаннан бастап
тоғыз мемлекеттік бағдарламалары іске асырылған. Бұл мемлекеттік бағдарламалар іске асыру бюджет қаражаттарының есебінен болғандықтан, мемлекеттік бағдарламалардың қаншалықты тиімді іске
асырылуын анықтау өте маңызды. Бюджет қаражаттарының мақсатқа сай және тиімді жұмсалуын
мемлекеттік тиімділік аудитін жүргізу арқылы анықтауға болады. Дегенмен, мемлекеттік аудит және
қаржылық бақылау туралы заң Қазақстан Республикасында 2015 жылы қабылданғандықтан, тиімділік
аудиті ұйымдастыру және жүргізу бойынша сұрақтар көп туындайды және оны жүргізу әдістемесін
жетілдіруді қажет ететін мәселелері көп. АӨК дамыту бағдарламасының басты тапсырмасы елдің азық
түліктік қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады. Сондықтан азық түліктік қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін бюджеттен қолдау мақсатында маңызды қаражаттар жұмсалады. Осы тапсырманы жетісті
жүзеге асыру Бағдарламада анықталған нәтижелі көрсеткіштер мен шаралардың дұрыс жоспарлануы
мен болжануы аса маңызды.