Инновациялық даму индексі негізінде Батыс Қазақстан аймағының инновациялық қызметін талдау және бағалау
Қаралымдар: 91 / PDF жүктеулері: 73
Кілт сөздер:
инновациялық белсенділік; аймақтардың инновациялық әлеуеті; инновациялардың тиімділігін бағалау; инновациялық даму индексі, Батыс Қазақстан аймағы.Аңдатпа
Мақалада Батыс Қазақстан аймағы мысалында Қазақстан республикасы аймақтарының
инновациялық қызметінің даму деңгейін анықтайтын аймақтың инновациялық даму индексі әдісі ұсынылған. Берілен әдіс инновациялық потенциал және инновацияларды қабылдау көрсеткіштері негізінде есептеледі. Зерттеу пәні ретінде Батыс Қазақстан аймағында орналасқан облыстардың, оның ішінде,
Батыс Қазақстан облысы, Ақтөбе облысы, Маңғыстау және Атырау облыстарының инновациялық қызметінің даму ерекшеліктері алынған. Берілген әдісті қолдану үшін абстракциялау арқылы қажетті көрсеткіштер тізімі жүйеленді. Алдымен, Батыс Қазақстан аймағының жекелеген облыстарының инновациялық әлеуеті және инновацияларды қабылдау көрсеткіштері бөлек индекстер арқылы есептеліп, автор
ұсынған формула арқылы жалпы Батыс-Қазақсан аймағының инновациялық даму индексі есептелген.
Алынған нәтижелер негізінде бағалау жүргізіліп, аймақтағы инновациялық қызметті одан әрі жетілдіру
бойынша ұсыныстар жасалған.