Ресей және Қазақстандағы электрондық коммерцияның дамуы
Қаралымдар: 69 / PDF жүктеулері: 135
DOI:
https://doi.org/10.32523/2789-4320-2021-3-11-21Кілт сөздер:
электрондық коммерция, Еуразиялық экономикалық одақ, Еуразиялық экономикалық комиссия, интернеттің таралуы, серверлердің қорғалғандығы, шағын және орта кәсіпорындар, онлайн-транзакциялар.Аңдатпа
Мақала тақырыбының өзектілігі электрондық коммерцияның трансакциялық шығындарды төмендету және жаһандық нарыққа тікелей қатысусыз қол жеткізу мүмкіндіктерін бере отырып,
бизнес үшін жаңа бағдарлар ашуымен түсіндіріледі. Мақала Ресей және Қазақстан елдеріндегі электрондық коммерцияның дамуына салыстырмалы талдау жүргізуге арналған. Талдау ЮНКТАД ұйымы «B2C
E‐commerce Index» есебінің негізгі көрсеткіштері (интернеттің таралуы, пошта сенімділігі, қолма-қолсыз
төлемдердің дамығандығы және серверлердің қорғалғандығы) бойынша жүргізілген. Оған қоса, осы көрсеткіштердің әрқайсысы бойынша қарастырылып отырған елдердің ұлттық статистика органдарының
және басқа халықаралық ұйымдардың мәліметтерін қолдана отырып, анағұрлым тереңірек талдау жүргізілген. Талдау нәтижелері Ресей мен Қазақстандағы электрондық коммерцияның даму кедергілерін
анықтауға мүмкіндік берді. Айқындалған кедергілерді жою мақсатында авторлар жасаған ұсыныстар
осы елдердің ЕАЭО аясында электрондық коммерцияны дамыту үшін жағдайлар жасау және жақсарту
бойынша күш-жігерді біріктіруді меңзейді. Зерттеу нәтижелері ЕАЭО Цифрлық күн тәртібін іске асыру
міндеттерін шешу барысында Еуразиялық экономикалық кеңес үшін, сондай-ақ Ресей мен Қазақстанның бейіндік мемлекеттік органдары үшін қызығушылық тудыруы мүмкін. Әрі қарай зерттеулердің
бағыты талдаумен ЕАЭО-ның барлық елдерін қамтумен анықталады.
Downloads
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2023 Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысының экономикалық сериясы
Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-Коммерциялық емес 4.0 халықаралық лицензиясы.