Криптовалюталардың әлемдік әсерін бағалау
Қаралымдар: 80 / PDF жүктеулері: 271
DOI:
https://doi.org/10.32523/2079-620X-2021-3-150-163Кілт сөздер:
криптобағамы, биткоин, aлткоин, блокчейн, резервтік ақша, жаһандық әсер, қауіп, мүмкіндік, тәуекел, белгісіздік.Аңдатпа
Қазіргі таңда әлемде виртуалды ақшаға деген қызығушылық артуда. Дүние жүзінде
қаржылық салада криптовалюта қолдану үрдісі белең алып келеді. Криптовалюталар бүкіл әлемде
мемлекет, компания немесе билік басқара алмайтын, орталықтандырылмаған ақша жүйесі мен криптология ғылымын қолданатын математикалық негізделген шифрланған цифрлық және виртуалды валюта
ретінде танымал бола бастады. Күн сайын жаңа криптовалюта жарияланатын ортада 2020 жылдың 21 қазанындағы мәліметтерге сүйенсек, әлемде қазіргі кезеңде қолданыста 7471 криптовалютаның түрі бар.
Оның он бір жылдық тарихы болса да, транзакция көлемін ескере отырып, осы мәселені зерттеу және
талқылау өте маңызды, себебі әлемде технологиялық процестер мен инновацияның таралуы арқылы
электронды ақша өмірге келіп, қолданыла басталды. Криптовалюталар күнделікті өмірде және коммерциялық қызметте нақты немесе виртуалды тауарлар мен қызметтерді сатып алу үшін төлем құралы
ретінде қолданылады. Көптеген халықаралық компаниялар қабылдайды және жүздеген клиринг және
айырбас орталықтарында саудаланады.
Сонымен қатар, олардың көптеген елдердің айналымдағы валюталарымен екі бағытты конверсиялық
қабілеті бар екенін және олардың жалпы көлемі 375 миллиард долларға дейін өсетін нарықтық деңгейге жеткенін ескерсек, бизнестің мәні мен маңыздылығы айқын көрінеді. Бұл зерттеуде крипто-ақша
нарығының қазіргі жағдайы, елдердің криптовалютаға қатынасы және крипто-валюталардың әлемдік
әсерлері талқыланды. Сондай-ақ, әлемде 2021 жылдың 4 ақпанында яғни биткоин бағасының құны $48 мыңды құрап, өте
жоғарғы көрсеткішті көрсетті. Бұл криптовалютаның құнының өсуіне әсер етіп, әлемді дүр сілкіндірген
оқиға Tesla компаниясының директоры Илон Масктың криптовалютаның осы түрін, яғни биткоинді
$1,5 миллиардқа сатып алғаны және өзінің өнімдерін криптовалютамен сатататыны туралы мәлімдегеннен кейін күрт өсім байқалды. АҚШ-тың бағалы қағаздар және биржалар жөніндегі комиссиясының
(SEC) қаржылық есебінің мәлімет бойынша, 2021 жылдың 4-9 ақпан аралығында, нарықтағы криптовалютаның құнын бірден 10% -дан астам арттырып, Bitcoin 40% өсім көрсетті.
Downloads
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2023 Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысының экономикалық сериясы
Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-Коммерциялық емес 4.0 халықаралық лицензиясы.