Қазақстан Республикасындағы тұрғын үйге қолжетімділікті бағалау
Қаралымдар: 186 / PDF жүктеулері: 560
DOI:
https://doi.org/10.32523/2789-4320-2022-4-172-184Кілт сөздер:
қолжетімді тұрғын үй, пәтер, баға, тұрғын үйге қолжетімділік коэффициенті (индекс), ипотекалық несие.Аңдатпа
Бұл мақалада «Қолжетімді баспана» түсінігі әртүрлі авторлардың жұмыстарына талдау жасай отырып қарастырылады және Қазақстан Республикасындағы тұрғын үйлердің қолжетімділігіне баға беріледі. Авторлар Ұлттық Статистика Бюросының деректері бойынша қазақстандық құрылыс стандарттары мен отбасыдағы адамдардың орташа санын ескере отырып тұрғын үй қолжетімділігінің бағалау әдістемесінің Қазақстанға сай түзетілген нұсқасын ұсынады. Зерттеу жұмысы халыққа орташаланған критерийлермен берілетін мемлекеттік тұрғын үй бағдарламарының қолжетімділік коэффиценттерін салыстыру негізінде Қазақстанның барлық өңірлеріндегі коммерциялық баспаналардың қолжетімділігін бағалау нәтижесін көрсетеді. Сонымен қатар, зерттеу барысында қолданыстағы мемлекеттік тұрғын үй бағдарламаларының әрбір түрі бойынша баспана қолжетімділігіне баға берілді. Қазақстан халқының жекелеген санаттарына пәтер сатып алуға льготалық несие берудің барлық механизмдері мен құралдары ескеріледі, олар: несие беру мерзімі, несие алу үшін бастапқы жарнаның мөлшері, ай сайынғы пайыздық мөлшерлеме, ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы, елдің аймақтары бойынша тұрғын үйдің шаршы метрінің бағасы, несиені өтегенге дейінгі және одан кейінгі отбасының жылдық табысы және бағдарламаның әрбір түрінің басқа да ерекшеліктері. Зерттеудің мақсаты – Қазақстандағы тұрғын үйге қолжетімділікті бағалау, сондай-ақ тұрғын үй классификациялық нарықтары бойынша баспана қолжетімділігін анықтау.