Ауыл шаруашылық кәсіпорындар іс-әрекетінің нәтижелері бойынша оларды қаржылық қолдау
Қаралымдар: 67 / PDF жүктеулері: 75
Кілт сөздер:
мемлекеттік қаржылық қолдау, экономиканың аграрлық секторы, өндіріс тиімділігі, ауылшаруашылық өндірісі, қаржылық жағдайды талдау әдістері, субсидиялар, өндіріс көрсеткіштеріАңдатпа
Экономиканың агроөнеркәсіптік кешенін қаржылық қолдау проблемалары бой-
ынша әртүрлі дереккөздерді зерттеу аграрлық сектордағы қаржылық-несиелік қатынастарға мем-
лекеттің әсер ету жүйесі өзара байланысты экономикалық, құқықтық және ақпараттық салалар
жиынтығын пайдалануға негізделгенін көрсетеді. Бұл жүйе шаруашылық жүргізуші субъектілердің
нарықтық өзара әрекеттесуі үшін жағдайларды жүзеге асыру шеңберіндегі бағдарламалар мен
іс-шараларды жүзеге асыруға, олардың тиімді жұмыс істеуі үшін оңтайлы жағдайларды жасауға,
шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы-шаруашылық қызметіне араласудың рұқсат етілген
шекараларын бұзбай және олардың қаржылық тәуелсіздігін сақтауға ықпал етуі керек. Ауыл шару-
ашылық өндірісін мемлекеттік қаржылық қолдау шараларын оңтайландыру және оның тиімділігін
арттыру қажет. Республикалық бюджеттен бөлінетін қаражат көлемін ұлғайту ғана емес, сонымен
бірге субъектілердің жарғылық капиталының мөлшеріне тәуелді емес, олардың қызметінің нәтиже-
лерін ескере отырып қаржылық ресурстармен қамтамасыз етіп, сол ресурстарды пайдалануын жақ-
сарту қажет. Мақалада келтірілген жекелеген кәсіпорындардың тәжірибесі ауыл шаруашылығының
тауар өндірушілеріне олардың жұмысының қиын жағдайларында да, оларды қаржылық қамтамасыз
етудегі қиындықтарға қарамастан берілетін қаржылық-несиелік ресурстардың оң әсерін көрсетеді.