Тиімділік аудитіндегі тәуекелдерді бағалау: Еуропалық Одақ тәжірибесі
Қаралымдар: 66 / PDF жүктеулері: 67
Кілт сөздер:
мемлекеттік аудит, тиімділік аудиті, Еуропалық аудиторлар соты, тәуекелді бағалау.Аңдатпа
Бұл жұмыста мемлекеттік сектордағы аудит әдістемесінің ажырамас элемент-
терінің бірі талданады. Тәуекелдерді бағалау барлық кезеңде аудиттің бөлігі болғандықтан, ақпа-
раттың дұрыстығын растау бойынша келісім барысында үнемі қарастырылып отыруы керек. Үлгілі
тәжірибенің мысалы ретінде Еуропалық аудиторлар соты ұсынған әдістеме нақты қарастырылған.
Еуропалық аудиторлар соты, сондай-ақ Еуропалық Одақ елдерінің тәуелсіз жоғары аудит орган-
дары үшінші елдерде қоғамдық есеп беруді және қаржылық менеджментті жоғарылату бойынша
өздерінің бай тәжірибесін ұсынады.
Мақалада сонымен қатар тиімділік аудитін жүргізу жағдайында тәуекел факторларына на-
зар аударылады және тәуекелдерді бағалаудың заманауи тәсілдері қарастырылады.