Қазақстанда этнотуризм саласындағы бизнес-жобалар - туристік беделділікті арттыру мен мәдени мұраны қорғаудың бағыты
Қаралымдар: 105 / PDF жүктеулері: 80
Кілт сөздер:
бизнес-жобалар, этноауыл, қаржылық қолдау, мәдениет.Аңдатпа
Берілген тақырыптың қазіргі уақытта өте өзекті болуы - Қазақстан Республикасын-
да этнотуризмнің дамуы қазақстандықтар мен шетелдік саяхатшылар үшін үлкен маңыздылыққа
ие. Мақаланың мақсаты - этнотуризм саласындағы бизнес-жобаларды туристік тартымдылықты
арттыру және Қазақстанның мәдени мұрасын сақтау бағыттарының бірі ретінде қарастыру болып
табылады.
Сонымен қатар, этнотуризм әртүрлі этностардың дәстүрлері мен мәдениетін кітаптан немесе
теледидар бағдарламасынан емес, тікелей олардың ортасына ену арқылы танып-білуге мүмкіндік
беретіндіктен, танымалдылыққа ие болды. Этнотуризм және оның тұжырымдамалық негіздері са-
ласындағы теориялық және әдістемелік зерттеулердің әлсіз деңгейі өзекті мәселе болып табылады.
Мақалада этнотуризмді зерттеудің әдіснамалық тәсілдемелері мен негіздері қарастырылған. Бұл
зерттеу жұмысында математикалық және экономикалық талдау әдістері қолданылды.
Осы зерттеудің нәтижесінде турист жергілікті тұрғындардың дәстүрлі тұрғын-үй және тұр-
мыстық жағдайымен танысып қана қоймай, дәстүрлі іс-шараларға, мерекелерге қатыса алады, ұлт-
тық тағамдардан дәм татып, кәдесый ретінде тұрмыстық заттарды сатып алуы мүмкін. Сондай-ақ,
этнотуризм саласындағы бизнес-жобалардың дамуы әуесқойлар мен ғалымдарға тарих пен олар-
дың түпкі тамырларын зерттеуге тамаша мүмкіндік береді.