Аутсорсинг тиімділігі және мұнай-газ компанияларының қызметінде пайдалану
Қаралымдар: 60 / PDF жүктеулері: 74
Кілт сөздер:
аутсорсинг, мұнай-газ компаниясы, тиімділік, стратегия, бизнес-үдеріс, мәсе- лелер, даму, реинжиниринг.Аңдатпа
Мақалада әлемдік бизнес жүргізу тәжірибесінде кеңінен қолданылатын - қосалқы
бизнес-үдерістерді беру тәжірибесі талданады. Кез келген бизнесті басқару негізінде стратегияны
әзірлеу, оны компанияның ерекшелігіне бейімдеу және іске асыру. Стратегияны әзірлеу үдерісі даму
мен қызметтің барлық ықтимал бағыттарын мұқият зерделеуге негізделеді және жалпы бағытты,
игерілетін нарықтарды, қызмет көрсетілетін қажеттіліктерді, бәсекелестік әдістерін, тартылатын
ресурстар мен бизнес үлгілерін таңдаудан тұрады. Компания қызметінің тиімділігін арттыруға
бағытталған стратегиялық әдістердің бірі-аутсорсингке компанияның сынсыз бизнес-үдерістері
мен өндірістік объектілерін беру болып табылады.
Мақалада Қазақстанның мұнай-газ компанияларының қызметінде аутсорсингті пайдалану
мәселелері қамтылған, сондай-ақ, авторлар мәселелерді шешу бойынша кейбір ұсыныстарды берді.
Атап айтқанда, мұнай-газ саласындағы өндірісті ұйымдастыру ерекшеліктері қарастырылып, мұнай-
газ өндіру саласындағы кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етудің процедуралық
үлгісі, мұнай-газ өнеркәсібі кәсіпорындарының реинжинирингін іске асыру тетігі ұсынылды. Зерт-
теу әдістері: салыстыру және аналогия; экономикалық үдерістердің дамуындағы объективті және
субъективті бірлік; сараптамалық бағалау; зерттеу құжаттары мен материалдарын контент-талдау.