Кәсіпорын капиталының оңтайлы қаржылық құрылымын қалыптастыру мәселелері
Қаралымдар: 66 / PDF жүктеулері: 55
Кілт сөздер:
капитал, қаржылық құрылым, меншікті капитал, қарыз капиталы, айналым ка- питалы, экономикалық құн, нарықАңдатпа
Мақалада кәсіпорын капиталының қаржылық құрылымын қалыптастыру моделі
талданып, ұйымның бағасын басқару жүйесіндегі капиталдың қаржылық құрылымын оңтайланды-
ру алгоритмі жасалды. Нарықтық құнның негізді өсуі ұйымның дамуының стратегиялық мақсатты
индикаторы болып келеді, оперативті құндық параметр ретінде капиталдың қаржылық құрамын
қалыптастырудың ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді мақсаттардың үйлесімділігін қамтамасыз
етіп отыратын экономикалық қосылған құн көрсеткіші (EVA) қолданылды. Капиталдың фактілі
қаржылық құрамын талдау кезеңінде меншік және қарыз капиталдарының оңтайлы арақатынасын
анықтау үшін, зерттеу объектісі болып отырған ұйымның қаржылық есептілігі мәліметтері бойын-
ша осы критерий тұрғысынан EVA көрсеткіші есептелді, ұйымның қаржылық дамуының матри-
цасы ұсынылды. (E:D)/Е арақатынастарының шектеулі көрсеткіші 100%, ал қаржылық кірістілік
спредінікі-0 болып табылатыны анықталды. Берілген параметр мәліметтерінің мониторингі капи-
талдың қаржылық құрылымының уақытылы түзетулерін жасауға мүмкіндік береді. Капиталдың
қаржылық құрылымын детальдеу қаржылық шешімдер қабылдаудың мультифакторлы моделін жү-
зеге асыруға көмектеседі.