ICO-жобаларды қаржыландыру кезіндегі тәуекелдерді басқару: Қазақстанда заманауи технологияларды қолдану перспективалары


Қаралымдар: 47 / PDF жүктеулері: 121

Авторлар

  • A.A. Есентемиров
  • Г.К Байбусинова
  • М.Л. Таласбек

Кілт сөздер:

Криптовалюта, қаржыландыру, перспективалар, жоба, тәуекелдер, SWOT талдау, ICO, IPO.

Аңдатпа

Мақалада жобалармен ICO инвестициялау кезінде пайда болатын әлеуетті тәуекел-
дер қарастырылған. Монеталардың бастапқы ұсынысы (ICO) - бұл стартаптар және блок-стартап-
тар үшін қаражат жинаудың жаңа әдісі. Бұл қаражат жинаудың жаңа әдісі нарыққа бірнеше жыл
бұрын ғана енді. Бұл қаржыландыру түрі, кәсіпкерлер мен инноваторларға жаһандық инвестор-
лардан миллиард доллар тартуға мүмкіндік берді. Алайда, бұл әдіс әлі жетілмеген және бірнеше
даулы. ICO даму мен жетілдіруді жалғастыра алады, бұл оған кәсіпкерлік пен инновацияны қаржы-
ландыруда аса маңызды рөл атқаруға мүмкіндік береді. Бірақ, нарықтың келешегіне қарамастан,
инвесторлар ICO-жобалар жиі құлдырайтынын ұмытады, ал инвесторлар өз қаражатын жоғалтады,
себебі ICO нарығы венчурлық қауіпке ие. Сондықтан инвесторларға ICO-жобаларға инвестиция-
лау кезінде ықтимал қауіптер мен тәуекелдерді көрсету өте маңызды. Мақаланың өзектілігі - ICO
жобаларын қаржыландырудағ артықшылығы анықтап және қаржыландыурдан туындайтын негізгі
тәуекелдерін анықтау арқылы оларды жоюды қарастыру. Шетел тәжірбиесінде қаржыландыруды
талдай келе, Қазақстанда қолға алынып жатқан ICO жобаларын іске асырудағы перспективала-
рын анықтау. Бұл мақаланың мақсаты - ICO жобаларын қаржыландыруда экономиканың дамуына
ықпал ететін факторларды анықтау.
ICO-жобаларды қаржыландыру кезіндегі тәуекелдерді басқарудың мәнін зерттеу қажеттілігі
Қазақстанда заманауи технологияларды қолдану перспективаларын егжей-тегжейлі түсінуге мүм-
кіндік береді. ICO-жобаларды қаржыландыруды терең түміну үшін негізгі мәселе-олардың эконо-
микалық мәнін анықтау және нарықтық анализ жасау. Зерттеу әдістері: терминдердің мәнін ашу,
салалық экономикалық талдау, жүйелік талдау. Жүргізілген талдаулардың арқасында нарықтық
бағамына әсер ететін негізгі факторлар анықталып, елімізде қолданудың артықшылықтары мен
туындайтын тәуекелдер мен оларды басқаруға жаңа идеялар көрсетілген.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2023-01-27

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Есентемиров A. ., Байбусинова G. ., & Таласбек M. (2023). ICO-жобаларды қаржыландыру кезіндегі тәуекелдерді басқару: Қазақстанда заманауи технологияларды қолдану перспективалары. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысының экономикалық сериясы, (1), 73–88. Retrieved from https://bulecon.enu.kz/index.php/main/article/view/361

Журналдың саны

Бөлім

Статьи