Блокчейн технологиясының қаржы саласында қолданылуы және перспектикасы
Қаралымдар: 101
Кілт сөздер:
блокчейн, қаржы саласы, таратылған леджер технологиясы, биткоин, крипто- валюта, блок тізбектері, майнерАңдатпа
Блокчейн термині алғаш рет 2008 жылдың қазан айында Сатоши Накамото атты
бүркеншік атпен жарияланған «Биткоин: тең құқылы электрондық төлем жүйесі» мақаласында
енгізілген. Блокчейн құрылымы үлестірілген кітаптар технологиясы ретінде жұмыс жасау арқылы
соңғы жылдары керемет құрылымға айналды. Биткоин - бұл блокчейн технологиясының алғашқы
қолданбасы. Биткоин қосымшасымен дәлелденген блокчейн технологиясын қолдана отырып, ком-
паниялар мен ұйымдар бұл технологияны қолданудың жаңа бағыттарын зерттеуге ынталы болып
отыр. Жетекші ұйымдар, әсіресе, қаржы компаниялары, бөлшек сауда секторы, мемлекеттік меке-
мелер және сақтандыру компаниялары блокчейн технологиясына үлкен қызығушылық танытады
және осы тақырыпта қолданбалы бағдарламаларды әзірлеумен айналысады.
Екінші жағынан, қаржы саласында блокчейн технологиясын қолдану бойынша әдебиеттердегі
академиялық зерттеулер шектеулі. Сондықтан бұл зерттеудің мақсаты - қаржы саласында блокчейн
технологиясын қолдану салаларын, артықшылықтары мен кемшіліктерін зерттеу болып табылады.