Қарағанды облысының өнеркәсіп кәсіпорындарында мемлекеттік экологиялық аудит жүргізу


Қаралымдар: 122 / PDF жүктеулері: 63

Авторлар

  • А.О. Жупышева
  • С.Б. Макыш

Кілт сөздер:

өнеркәсіптік өндіріс, кәсіпорын, экологиялық аудит, мемлекеттік экологиялық аудит, қоршаған ортаны қорғау шаралары, табиғи ресурстар, табиғи ресурстарды пайдаланудың тиімділігі, табиғи ресурстарды пайдаланудың тиімді шарттары, қоршаған орта, табиғи ресурстарды пайдалану тиімділігі аудиті, экологиялық шығындар.

Аңдатпа

Мақала Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік кәсіпорындарында мемлекеттік
экологиялық аудиттің ерекшеліктерін зерттеуге, кәсіпкерлік субъектілерінде осы түрдегі аудитті
жүргізуге арналған механизмдері, мақсаттары, кезеңдері, негіздері қарастырылады. Сонымен қа-
тар, өнеркәсіп кәсіпорындарының қызметі және олардың қоршаған ортаға әсері қарастырылады.
Өнеркәсіптік кәсіпорындардың тиімді әсерін бақылауды және қоршаған ортаға тигізетін әсерін
азайтудың маңыздылығы зерттелді және табиғи ресурстарды пайдасыз және тиімсіз пайдалану
проблемасының өзектілігі дәлелденді. Қолданыстағы өндірістердің қоршаған ортаға әсерін шектеу
міндеті экологиялық аудит және басқару жүйесі арқылы шешілетіндігі көрсетілген. Мемлекеттік
экологиялық аудиттің нақты анықтамасы экологиялық аудиттің бір түрі ретінде қарастырылады.
Бұл шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметінің экологиялық салдарларының ықпалын және
болжауды, қолданыстағы экологиялық кодекстің талаптарымен, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау
саласындағы басқа да нормативтік актілердің талаптарына сәйкестігін белгілеуді тәуелсіз, жан-
жақты, құжатталған бағалау болып табылады. Экологиялық қызметтің тиімділігіне баға беріліп,
Қазақстан Республикасында экологиялық аудитті жүргізу нысандары ашылады. Сонымен қатар,
жұмыс табиғи ресурстарды пайдалану тиімділігіне аудит жүргізудің ерекшеліктерін, соның ішінде
дүниежүзілік тәжірибеде пайдаланылатын табиғи ресурстарды ұтымдылық пен тиімді пайдалану
критерийлерін нақтылауды қарастырды. Мақалада сондай-ақ шетелдік тәжірибеде қолданылатын
мемлекеттік экологиялық аудит көрсеткіштері келтірілген.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2023-01-27

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Жупышева A. ., & Макыш S. (2023). Қарағанды облысының өнеркәсіп кәсіпорындарында мемлекеттік экологиялық аудит жүргізу. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысының экономикалық сериясы, (1), 181–191. Retrieved from https://bulecon.enu.kz/index.php/main/article/view/371

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Most read articles by the same author(s)

1 2 > >>