Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырудағы Германияның тәжірибесі
Қаралымдар: 74 / PDF жүктеулері: 49
Кілт сөздер:
мемлекеттік сатып алу, мемлекеттік сатып алу жүйесі, мемлекеттік тапсырыстар, ашық конкурс, конкурстық тапсырыстар, жабық конкурс, сатып алу пәні, сатып алу қағидалары.Аңдатпа
Бұл мақалада мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырудың Германиялық тәжірибе
қарастырылған. Қазіргі жағдайда Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы үшін әлеуметтік-эко-
номикалық процестерді стратегиялық, индикативтік және бюджеттік жоспарлау үндестігін дамыту
өзекті мәселе болып табылады. Мемлекеттік сатып алудың тағайындалуы орталық және жергілікті
басқару органдары мен мекемелер, мемлекеттік сектордағы кәсіпорындардың тауарлар, жұмыстар
және қызметтерге деген қажеттілігін қанағаттандыру және оларға берілген қызметтерді орындау
болып табылады. Осы аталған мәселелер мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырудың тиімді әді-
стерін және механизмдерін қажет етеді.
Қазақстандық сатып алу жүйесін ұйымдастыруда Германияның тәжірибесі қызықтырмай
қоймайды.
Германияның нарықтық экономика түріндегі бәсекелестік ортадаға бағытталған әлеумет-
тік орталық бөлімдері негізінен жеке сектор орын алатын барлық нарық қатысушыларының ер-
кін экономикалық қызметін білдіреді. Мемлекет экономикалық саясаттың басымдылығын және
құқықтық шектерін анықтайды, ал экономика субъектілері өз қалаулары бойынша іс-әрекет жа-
сайды. Қазақстандық сатып алу жүйесін ұйымдастыруда Германия тәжірибесінің артықтылықтары
мен кемшіліктерін салыстыра отырып, Қазақстанда қолдану мүмкіншіліктері қарастырылған.